Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы



бет2/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Қосымша мат.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері»

Конфликт ұғымына тарихи шолу

Кикілжің индивидттердің өзара қарым-қатынасы негізінде,өзара әрекет процесі барысында пайда болады және қаншалықты адам бар жерде, соншалықты туып отырады.
Кикілжің мәселелері мен кикілжіңді жағдайлар әрқашан да философтарды қоғамдық қызметкерлерді, оқымыстыларды қызықтырған. Қаншалықты қызықты әрі, ұзақ тарихи мәні болса да, қазіргі кезге дейін жалпыға бірдей анықтамасы «конфликтінің түсінігі әзірше құрылған жоқ, өйткені өте көп әртүрлі құбылыстар тым ұзақ категорияларға түсіп отырады /5;7 б/.
Ең алғашқы рет әлеуметтік кикілжіңнің табиғи рационалды мағынасын сынауға түсініктеме берген ежелгі грек философтары. Ежелгі грек философы Анаксимандр /б.ғ.д.,10-547 ж.ж./ заттар ылғи да қозғалыстан тұратын «апейрондар, ал қарама-қайшылықтардың шығуына әкелетін материалдық бірліктің бастамасы деп түсіндірді. Ежелгі грек философы Гераклит /б.ғ.д.530-470/ әлем, табиғат туралы жалпы жүйелі көзқарастарын конфликтілік ситуация мен соғыс туралы өзінің пікірлерімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Гераклит айтуы бойынша, әлемде бәрі өшпенділікпен және дауласумен туады, тек жалғыз ғана космостағы билік етуші-бұл күрес, барлығының әкесі және барлығының патшасы. Олардың бірін құдай қылса, басқаларын адам етті, бірін құл етсе, енді бірі еркіндікте. Бұл сөздер қоғамның даму процесіндегі күрестердің позитивтік ролін түсіндірудегі рационалды сынаудың бірі болып табылады.
Орта ғасырда Фома Аквинский /1225-1204/ қоғамдық өмірде күрестің болуы керек деген ойды дамытты, тағы да бір жағы әділетті соғыстың жағдайларын анықтады, яғни ол кикілжіңнің бір жағының санкциясы болу керек деді.
Э. Роттердамский /1496-1506/ бастапқы кикілжіңнің пайда болуындағы өзіндік логикасын ұсынды, яғни тізбектелген реакция іспеттес, өзіндік әсерімен жаңадан қайталап күшін орбитаға жинауы. Э.Роттердамский пікірінше ,тіпті екі жағы бірдей идеологиялық позицияны ұстаса да шиеленістік жағдайдағы қарсыластың күрделі қолданысына көңіл бөледі.
Ағылшын философы Ф.Бэкон/1561-1626ж.ж./ алғашқы рет әлеуметтік шиеленістің жиынтығына теоретикалық талдау жасап негізін қалаған. Материалдық-саяси және әлеуметтік ретсіздіктің психологиялық жағдайларын, сонымен қатар оларды шешудің мүмкіндік беретін тәсілдерін кеңінен қарады.
18-19 ғасырларда ағылшын демократтары Е.Д.Прустли, француз ағартушылары Д.Дидро, Ж.Ж.Руссо, Вольтер, неміс философы Э.Кант, Г.Гегель т.б. кикілжіңге байланысты сыни көзқарастар танытты.
Э.Кант /1724-1804ж.ж/ көршілес тұратын адамдар арасындағы бейбітшіліктің қалпы бұл табиғи қалпы емес, керісінше күрес, яғни егерде үздіксіз емес қақтығысты әрекеттер болмаса, онда үнемі олардың қорқытуы пайда боллады. Сондықтан да бейбітшіліктің қажет болуы керек. Неміс философы Г.Гегель /1770-1831 ж.ж/ айтуы бойынша: мемлекет барлық жерде қоғамға көңіл бөліп және мемлекетті реттеп отыруы керек деп есептейді.
Тіршілік пен күрес мәселесіне зерттеулерін бағыттаған ағылшын биологы Ч.Дарвин /1869-1902ж.ж/ эволюция теориясын ұсынды. Ч.Дарвин /"Табиғи сұрыптаудың пайда болу түрлері және өмірмен күресі үшін текті сақтаудың қолайлы жағдайлары"/ атты еңбегінің басты идеясы- тірі табиғаттың дамуы үшін өмірдегі үнемі күресу жағдайларымен туындап отырады деп түсіндіреді. Ч.Дарвин тірі табиғаттың даму механизмдері табиғи сұрыптау түрінде біршама өмір сүруге бейімделген түрі екенін дәлелдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет