Дәріс 28-Келіссөздер конфликтілерді шешудің құралы ретінде. Бұқаралық ақпарат құралдары халықты нақты елде және әлемде болып жатқан құбылыстар мен оқиғалар туралы хабардар етуді қамтамасыз ететін көптеген органдар мен элементтерден тұратын күрделі және көпқырлы институт. Г. Ласуэлл БАҚ-ның келесі негізгі 4 қызметін бөліп көрсетті. Олар:
Дәріс 29,30- Педагогикалық конфликтілерді шешудің ерекшеліктері А.Н. Дмитриев пікірінше, дауды тиімді шешу жолы:алдын- ала келісілген қарама- қайшылықтарын жою;шиеленістің объектісін жою. (Егер екі жақ келісімге келмесе);екі жаққа да ортақ етіп шиеленіс объектісін бөлу; (екеуі де көнуі үшін ортақ келісімге келтіру объектіні бөліп беру).
Сонымен, шиеленістердің шешілуі белгілі бір іс барысында дауға қатысушылар арасындағы өзара келісіммен жетістікке жетеді. Бұл қағида бойынша: 1) келісім нәтижесінде екі жақтың пікірлері сәйкес келсе, 2) заңдарға сыртқы моральдық күштерге қандай да бір қарсыласының қысымымен аяқталады.
Осыған байланысты, сынып оқушыларына кикілжің жағдайларын ұсынып, байқау әдісі арқылы анықтау керек болды.
Ол үшін сынып оқушыларына төмендегідей кикілжің жағдайлар ұсынылды.
Топтағы пікірталас; жалпыға танымал ретінде,басқа техникалық түрлерімен араласып ережеге сәйкес қолданылады.Үлкен топтағы пікірталаста барлық мүшелер тәжірибелерін мүмкіндіктерін көрсету үшін пайдаланылады.
Үлкен топтың талқылау әдісі - бұл барлық топ қандай да бір тақырыпқа қатысты идеялар мен оқиғаларды талқылаған кезде қолданылатын оқыту әдісі болып табылады/30;14-16б/.
Дөңгелек: кезекпен- кезек бірден тездетіп айту керек. Сұрақтарға жауап беру немесе өз ойларымен позицияларын көрсету.
Оқушыларға белгілі бір кикілжің жағдайды талдап және одан шығу, шешу жолдарын табу керек. Әрбір қатысушыдан осы жағдайды сипаттап беруге болады, оның себебін тауып, осы жағдайды ойлап көрсетуге де болады/30;17б/.
жағдай: “Дискотека алдында”.
Қызы дискотекаға жиналады . Шешесі: “Сағат нешеде келесің”?- деп сұрайды. Қызы: “Білмеймін, қалай болатынын” Шешесі: “Сен қалай түсінбейсің, мен уайымдаймын ғой, Сағат 1200 - де үйде боласың!” Қызы: “Қай уақытта келгім келсе, сол уақытта келемін. Маған бұйрудың керегі жоқ!”/19;197б/.
2 жағдай. Дәстүрлі мәдениеттегі Төле бидің дауды тиімді “астарлап” шешу тәсілдерін анықтау.
Бірде екі әйел бір балаға таласып, Төле биге жүгініпті.
Әйелдің бірі:
“Баламды есі білмей тұрғанда жаугершілікте жоғалтып алдым, соны мына әйел тауып алды, әлде ұрлап алды ма, білмеймін, әйтеуір ел қатарына қосыпты. Енді танып сұрасам жақындатпайды”- дейді.
Екінші әйел: “Бала өзімдікі, өзім таптым”- деп бет бақтырмайды. Төле би ойланып қалады. Оны дәлелдейтін еш айғақ жоқ. Сұрақ:”Төле би ақиқатын білу үшін қандай тәсіл қолданды? Сіздер Төле бидің орнында не істер едіңіздер? Ойланыңыздар!” Оқушылар біраз ойланып отырып,кезекпен- кезек өз ойларын айта бастады. (Олардың пікірталасы магнитофонға бекітілді).
“Әрімен қарай оқиға желісі немен аяқталды екен…
Содан кейін Төле би баланы екі әйелдің қолына ұстатып, екеуіңе ортасынан қақ бөліп беремін, ризасыңдар ма?”- дейді. Сонда балаға ие болып жүрген адам: “Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да, менде қалсын”- дейді.
Ал баланы таныған әйел жылап: ”Балаға тимеңіз, қайда болса да аман болсын!” –деген екен. Содан соң Төле би мынандай билік атады.
-“Бала, мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол жұрағатының тіршілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер!”- деген екен.
Осы дауды шешу кезінде Төле би қандай тәсіл қолданды? Не үшін олай істеді.
Оқушылар ой- пікірталасынан “астарлап” шешу тәсілдерін де көруге болады, ол “осы жағдайдың мәнін ашып айту кезінде байқалды”.
Олардың көбісі ”Төле би де басқа айғақ жоқ болған соң, сондай әрекет істеуге мәжбүр болды. 1-ші жағынан кімнің баласы екенін білу үшін “ананың балаға деген сезімін байқау үшін қолданған айла -әрекеті. Қазіргі кезде ондай мәселелерді шешудің түрлі жолдары бар- деуге болады”- дейді зерттеушілер.
Бұл екінші жағдай бойынша, оқушылар көбіне тікелей шешумен болды, астарлап ойын жеткізу аз көрінді. Дегенмен, оқушылар өз ойларын ортаға салуда белсенділік, қызығушылық танытты, өз бетінше шешім қабылдауы , іскерлік сынды жеке адамдық құндылықтарын көрсетті. 1- ші жағдай бойынша 15 адам қатысып, осы кикілжіңді шешуде түрлі жолдарын көрсете білді. Көбіне бұл жағдайда жауаптары мақал- мәтелдерді қолданулары басым болды. “Анаңа ауыр сөз айтпа, атаңа ауыр жүк артпа” деген сияқты, Қыздың пікіріне қарсылық білдіріп, анасын жақтады; 2- шісі “Оның негізі тәрбиеге байланысты” десе, кейбірі “үлкенді сыйлау керек еді”, “айтқанын тыңдап “жарайды””- деу орынды деп шешті т.б. Бұл жауаптардан да “астарлы” тәсілі қолданғанының өзіндік ерекшелігін аңғаруға болады.
Топта тренингтік ойын ретінде өтілуі, оларға белгілі бір тапсырма ұсынылуы, өз ойларын қағаз бетіне жазуы,не болмаса магнитофонға “бекітілуі” қызығушылық тудыртты.
Ұжымдық жауапкершіліктері артып, материалдың мәнін түсініп ұғынуға мүмкіндік туғызды, өз икемділігі мен ептіліктерін көрсетті. Осындай тренингтік ойындарды өткізудің маңызы тілдік кедергілерді жеңуге, оқушы санасына қозғау салады. Белгілі бір субъектінің бойыны жүріс- тұрыстық құндылықтарды қалыптастырып, өзін- өзі көрсетуіне, қысылмай ішкі ойларын ашық айтуына негіз болады.