Байланысты: Қосымша мат.«Психологиялық-педагогикалық конфликтология негіздері»
Дәріс 10,11-Әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі конфликтілер
Дәріс 12- Жоғары білім беру жүйесіндегі конфликтілер Мемлекеттегі қазіргі жағдайлар, мектептің әлеуметтік деңгейінің төмендігі, мұғалімдердің дайындығының жеткіліксіздігі оқушылармен конфликтілерге әкеледі. Осы саладағы зерттеулерге сүйенсек, 1996 жылы 35-40 пайыз балалар неврозы дидактогенды сипат алған. Мұғалім мен оқушылар арасында конфликт туындағанда мұғалім конфликт өзінің позициясын дұрыс анықтай білуі тиіс.
Кикілжіңдерден шығудың дұрыс жолы -мұғалімнің оқушылар ата-анасымен өзара әрекеті. Мұғалім өзінің психологиялық дайындығының негізінде оқушылармен өзара әрекеттің жаңа типіне ауысуы керек.
Кез келген педагогикалық процестегі кикілжіңдердің туындамауы үшін қарым – қатынас іскерлігі маңызды рөл атқарады. Ал, қарым-қатынастың іскерлігі белгілі бір негізгі этикалардан тұрады. Олар 6-ға бөлінеді:
1. Барлық нәрсені өз уақытында істеңіз. Барлық нәрсеге кешігу педагогикалық процеске кедергі болады және адамға сенуге болмайтындығының алғашқы белгісі болып табылады.
2. Білім алушылардан олардың жеке өмірі туралы мәлімет алатындығыңызды ешкімге айтпаңыз.
3. Мейірімді, қайырымды және жарқын жүзді болыңыз. Педагогикалық процестегі сізге бағынушылармен әдепті, кішіпейіл, жарқын жүзді сипатта қарым-қатынас жасаңыз.
Өзіңізді ғана емес, басқалар туралы да ойлаңыз. Қоршаған ортаға деген сіздің назарыңыз тек қарым-қатынасыңызда ғана көрініс таппауы керек, Олардың ой-пікіріне сыйластық танытып, неге осындай көзқарас қалыптасты деп түсінуге тырысыңыз.
Талап етілген бойынша киініңіз. Алғашқы әсер бірінші кездескенде қалады.
Жағымды тілмен жазып, сөйлеңіз. Өз ойын нақты айта білуге үйрену керек. Тілге керек емес лас сөздерді қолданбауға тырысыңыз.
Ал, әлеуметтік педагогикалық процестегі кикілжіңдер жағдайдың төмендегідей заңдылықтарына тыйым салынады:
Педагогикалық процестегі әріптесіңізді критикалық бағалау;
Мәселелерді шешуден бас тартып, ешбір негізсіз басқа адамның пікірімен келісе береді.
Педагогикалық процестегі кикілжіңдік мінез-құлықтың кодексі болады, онда мынадай ережелер сақталуы тиіс:
Әріптесіңіздің ішкі сезімін айтуға мүмкіндік беріңіз;
Агрессияңызды күтпеген тәсілдермен жеңіңіз;
Оған жағымсыз баға бермей, өз сезімдеріңіз туралы айтыңыз;
Туындаған мәселе бойынша әріптесіңіздің ойын және оны шешу үшін ұсыныстарын тыңдаңыз;