Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы


Дәріс 6- Тұлғаішілік конфликтілер



бет5/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәріс 6- Тұлғаішілік конфликтілер
Тұлғааралық кикілжіңдер туындау ерекшеліктері бойынша да екі типке бөлінеді:
- Терең кикілжің – МЕН образымен байланысты тұлға үшін маңызды мақсаттарды, қызығушылықтарды, құндылықтарды қамтиды. Олар өздерін көрсетпей, ұзақ уақыт өмір сүрулері мүмкін. Бұл кикілжіңдердің туындауы тұлғаның терең қажеттіліктерімен, құндылықтарымен анықталатын ішкі себептерге байланысты.
- Ситуативті конфликт пайда болуына кенеттен пайда болған әсерлер, сыртқы әсерлер ықпал етеді. Олар эмоционалды сипатта болады және бірден инцидиенттен басталады. Осындай конфликтіге мысал ретінде сатушының дөрекілдігін, затты уақытында қайтармауды, кітапты рұқсатсыз алуды жатқызуға болады.
Кикілжіңді жағдайлар қарама қарсы позициялы жақтардағы қандай да бір сылтаудың болуы, қайшылықты мақсатқа талпынуы, оған жету жолында әр түрлі тәсілдерді қолдануы, қызығушылықтардың, тілектердің сай болмауы т.б. Кикілжіңді жәйттер-бұл кикілжіңнің пайда болу жағдайлары. Кикілжіңді осындай жағдайлардың өрістеуіне өзгермелі сыртқы әсерлер, түрткі немесе инцидент керек.
Қандай да бір жағынан біреуіннің әрекетін белсендіріп сипаттайды, тіпті басқа қырынан қызығушылығына әдейі істемеседе, қысым жасайды.
Инцидент қатысушының тілектерінен тәуелсіз туындауы да мүмкін, ол кездейсоқ, объективті себептердің ізімен немесе өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады.


Дәріс 7- Тұлғааралық конфликтілер
Конфликтінің пайда болуы жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігіне, қозғалған қажеттілігіне, мотивіне байланысты.
Жеке тұлғаның конфликтегі іс-әрекетін белгілейтін негізгі мінездемелер: жеке тұлғаның табиғи қасиеті, жеке басының ерекшеліктері (темпераменті); қажеттілік жүйесі, мотиві, өзі туралы ішкі ойы.
Жеке тұлғаның қажеттілігінің саны мен әртүрлілігі орасан зор.
Конфликттердің басым көпшілігінің негізінде жеке тұлғаның өзі үшін маңызды мақсаттарды, қажеттіліктерді жүзеге асыра алмауының салдарынан болады.
Мен – концепциясы жеке тұлғаның өзі туралы қатысымды тұрақты, аз немесе көп мөлшерде сезінетін ойы, тұлғаның сыртқы, агрессивті ортадан қорғайтын, қорғаныстың психологиялық механизмі конфликтінің субъективті себебін құрайды. Конфликтер индивид әрекетінің айналасындағылардың ойынша болмауы салдарынан келіп шығады. Бұндай түсінік Д.Г.Мидтің рөлдік теориясына қатысты шықты. Бұл теория бойынша жеке тұлға өмірде актер болып сипатталады, оның әрекеті ортасы күткендей функцияда көрсетілгендей белгіленген рөлге сәйкес келуі керек. Жеке тұлғаның әрекеті ортасы күткендегідей болып шықса, жанжал туындамайды, ал егер әрекеті керісінше болып шықса, конфликт туындап және оның күші әр түрлі болуы мүмкін.
Жеке тұлғаның әрекеті ол өмір сүріп жатқан ортаның жағдайына байланысты. Қазақстан практикасында бәсекелестік ұғымы жаңа құбылыс болып табылады. Бәсекелестік – қалыптасқан ережелерге (нормаларға) сай жүргізілетін әртүрлі саладағы жеке адамдар және заңгер тұлғалар арасындағы қатал жанжалды (бәсекелестік) жарысу болып табылады.
Бәсекелестік – конфликтілі жағдаят, ұзаққа созылған жағдайда конфликтке айналды. Жасанды мен-тұлға бейнесі бұзылып, жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс механизмдері жасалып, ол конфликтке әкеп соқтырады.
Бәсекелестік конфликтке ұласпауы үшін бәсекелестің күрес ережелерін сақтау керек немесе мүлде тоқтату керек.
Осылай тұлғаішілік конфликтінің мінездемесін шығаруға болады:

  • тұлғаішілік конфликт тұлғаның ішкі құрлысының элементтерінің өзара әрекет етуі нәтижесінде пайда болады;

  • тұлғаішілік конфликтіге қатысушы жақтар болып бір мезгілде өмір сүріп жатқан тұлға құрлысының әр жоспарлы және қарам-қайшылықты мақсаттары, мотивтері, тілектері болады;

  • тұлға ішілік конфликт регативті эмоцияларға толы;

  • кез келген тұлға ішілік конфликттің негізін қарама-қайшы позициялы жақтардың әр түрлі мотивтері, мақсаттары қажеттілікті өтудің мүмкін еместігінен туындайтын жағдай қалайды.

Фрейд көрсеткендей тұлғаішілік конфликт саналы және санасыз болуы мүмкін
Тұлғаішілік конфликттің үш түрі бар:

  • қажеттілік конфликтісі;

  • қажеттілік пен әлеуметтік қалып арасындағы конфликт;

  • әлеуметтік қалып конфликтісі.

Тұлғаның ішкі әлемінің қай жақтары конфликтіге қатысуына байланысты оның келесі түрлерін атап көрсетуге болады:

  • мотивациялық конфликт;

  • дәстүрге қатысты конфликт;

  • орындалмаған тілекке, өзіне көңілге толмауға байланысты конфликт;

  • рөлдік конфликт;

  • адекватсыз өзіндік баға конфликтісі;

  • невротикалық конфликт.

Басқа негіздерге қатысты түрге басқаша да бөлуге болады. Бұған конфликтологияның даму тарихының өзі куәгер. Соның кейбіреулері:

  • моральдік идеал мен шындық өмір арасындағы, болу керек және болып жатқан мораль мен өнеге арасындағы конфликт. (И.Кант, Ф.Достоевский);

  • биологиялық және биоәлеуметтік мінезді биологиялық қажеттілік пен әлеуметтік қалып арасындағы, адамдар арасындағы әуестенушілік конфликтісі. (З.Фрейд);

  • тұлғаға әсер етуші бірыңғай дәрежедегі күштер таңдау шарттылы конфликт;

  • мінсіз “Мен” мен “Мен-концепция” арасындағы конфликт;

  • өмір мағынасы мен экзистенционалды вакум арасындағы конфликт;

  • тұлғаның ішкі құрлысының элементтері мен олардың мотивтері арасындағы конфликт.

Тұлғаарлық кикілжіңдер – психологиялық және әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде жеке индивидтер арасындағы кикілжің. Бұндай кикілжіңдердің себептері тек қана обьективті емес, сол сияқты әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, психологиялық себептерге де байланысты. Ең негізгілері тұлғааралық коммуникация барысында ақпараттарды жоғалту; екі адамның теңестірілмеген өзара әрекеті; бір бірінің тұлғасын және әрекеттерін бағалау тәсілінің айырмашылықтары; қысымды тұлғааралық қатынас, билікке таласу, психологиялық сәйкессіздік.
Психологиялық сәйкессіздік - өзара әрекеттесуші жақтардың мінездерінің, темпераменттерінің сәйкес келмеуі, өмірлік құндылықтардың, идеалы мен мотивтерінің, іс-әрекет мақсатының қарама-қайшы келуі.
Кикілжіңнің тұлғалық себептері оған қатысушылардың индивидуалды –психологиялық ерекшеліктерімен байланысты: әлеуметтік психологиялық компоненттіліктің төменгі деңгейі, психологиялық тұрақсыздықтың жеткіліксіздігі, эмпатияның қабілеттіліктің нашар болуы, темпераменттің холериктік типі, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет