Дәріс 1,2- конфликтілер туралы түсініктерге тарихи шолу Жоспары: Конфликт ұғымы


Дәріс 4-Конфликтілердің түрлері, оның даму стадиялары және негізгі функциялары



бет4/15
Дата26.12.2023
өлшемі185 Kb.
#144429
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Дәріс 4-Конфликтілердің түрлері, оның даму стадиялары және негізгі функциялары
З. Фрейдтің басқа шәкірті – швейцариялық психолог Карл Юнг бойынша, адамның құштарлығы мен қылықтары оның сыртқы ортаға немесе өзінің ішкі дүниесіне қалай қарайтындығымен байланысты психологиялық энергиямен төмендейді. Ресейде 1924 жылы шыққан “Психологиялық типтер” кітабында ол кейіннен дүние жүзі мойындаған өзінің тұлғалық тұрпаттамасын жасады. Бір жағынан, ол тұлғаның ішкі және сыртқы әлемге басым бағыттылық типін бөліп көрсетсе (экстравертивтік, интровертивтік), ал екінші жағынан – тұлғаның үстемдік етуші психологиялық қызметін анықтады (мінездің ойлағыш, интуитивтік, сенсорлық, эмоционалды типтері).
Экстравертивтік тип – бұл тұлғаның сыртқы әлемге үндеуі және ондағы іс-әрекеті; ол үнемі назарда болуға тырысады, өзінің пікірімен бөліскісі келеді және әр кезде мақтауды қажет етеді.
Интровертивтік тип – бұл тұлғаның өзініің ішкі дүниесіне үндеуі; ол басқаларға ықыласты, не туралы айту керектігін жақсы ойланбай тұрып өз пікірін айтуға асықпайды, өз - өзімен жалғыз қалғанда өзін тіпті жайлы сезінеді.
Ойлау типі – бұл ұстамдылық, тұлғаның ең қиын жағдайдағы сабырлылығы; ақиқат үшін айтысты және жанжалды жайластыра алу; ықтиярын нақты көрсету, фактілерге объективті көзқараспен жету.
Эмоционалдық тип біреуді ренжітіп алудан қорқып, егер жанжал болып жатса, олардан қашуға немесе жайластыруға тырысады.
Сенсорлық тип ең алдымен сезімге бағытталады, сұрақтарға нақты жауап берілуін жіне елеулі пайда әкелетін іс-әрекеттің түрін ұнатады.
Интуитивтік тип – бұл әрқашан дерлік жайбарақат адам, бір уақытта бірнеше нәрсе ойлағанды ұнатады, болашақты үрейсіз қабылдайды/5/.
Осы барлық ерекшеліктер, сонымен бірге экстравертивке және интровертивке бөліну, психологтардың пікірінше, салдарларға, орындауға, уақытқа байланысты ауыса отырып, тұлғаның темпераментінде әр түрлі мөлшерде пайда болады.


Дәріс 5-Конфликтінің динамикасы мен механизмдері
З Фрейд өзара жеке адамдық кикілжіңдер себебін іздестіру санадан тыс сферада қарау керектігін айтады. З. Фрейд психикада сананың үш деңгейін қарастырады; сана, сана алды, санадан тыс немесе санасыздық. Санадан тыс сферада «Менің өз-өзін сақтау механизмдері психологиялық тұрғыда қауіпсіздікті қамтиды.
А.М.Матюшкина пікірінше, қорғаныс механизмдері адамның өзін-өзі сыйлауын қорғап қана қоймай, сонымен бірге өмірдің қиындықтарынан алып шығуына, жеңіп шығуына алдын-ала мәселелерді шешуге жол ашып, өміріне қауіпті жағдайларынан ысылып шығуына көмек бере алады деп сипаттайды.
Сонымен қатар, кикілжің түсінігіне К.Левин идеясы ұсынылды, онда субъективті ситуацияны сипаттауға және жүріс-тұрыстық ситуативті себептелінуінің негізін салды. Ол шиеленіс пәніне арнайы зерттеу жасаған алғашқы психологтардың бірі болып табылады.
К.Левин кикілжіңді ситуацияны индивидтің өмірлік кеңістігінде, оларға әсер ететін, "күш өрісінің" барысында сипаттайды. Оның кикілжіңді интерпретациялауы шиеленісті меңгерудің когнитивтік бағытын, сонымен қатар ситуациялар ретінде, дамуы мен күшіне енуіне мүмкіндігін туғызды.
З.Фрейд пен К.Левин адамның психологиялық шиеленісті сипаттаудағы концептуалды негізін салған авторлардың бірі болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет