Жүрек камералары
Жүрекшелер қанды қабылдайды, ал қарыншалар керісінше қанды артерияларға айдайды. Оң және сол жүрекшелер оң және сол қарыншалар сияқты бір - бірінен қалқа арқылы бөлінген, керісінше оң жүрекше мен қарыншаның арасында оң жақ жүрекше- қарынша тесігі, ал сол жүрекше мен қарыншаның арасында сол жақ жүрекше – қарынша тесігі бар. Осы тесіктер арқылы қан жүрекшелердің систоласы кезінде олардың қуыстарынан қарыншалардың қуыстарына ағады.
Оң жақ жүрекше, atrium dextrum - артында кеңейген,алдында тарылған текше пішінді. Артқы бетінің үстіңгі жағынан оған жоғарғы және төменгі қуыс веналар құяды. Алдына қарай қуыс өсінді-оң жақ құлақшаға жалғасады. Оң және сол құлақша қолқа мен өкпе сабауының негіздерін қоршап жатады.Оң жүрекшенің ішкі беті тегіс, тек алдындағы кішкене жері мен құлақшаның ішкі қабырғасында қырлы бұлшықет болады. Оң жақ жүрекше- қарынша тесігі жүрекшенің төменгі алдыңғы бөлімінде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |