Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет60/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180
Байланысты:
2 сем

Жүрек қабырғасының құрылысы

Жүрек қабырғасы 3 қабаттан тұрады :

1.Ішкі-эндокардтан,

2.Ортаңғы-миокардтан,

3.Сыртқы-эпикардтан тұрады, ол перикардтың висцералды жапырақшасы.

Жүрек қабырғасының негізгі қабаты-ортаңғы миокардтан түзіледі, ол көлденең жолақты бұлшықеттен тұрады. Ішкі-эндокард жүрек қуысын жауып тұрады.Миокардтың қаңқалық бұлшықеттен айырмашылығы -олар жекелеген көп ядролы талшықтардан емес, бір ядролы жасушалардың-кардиомиоциттердің торынан тұрады. Жүрек бұлшық еті 2-ге бөлінеді : жүрекшелердің және қарыншалардың бұлшық ет қабаттары. Екі бөлімнің талшықтары екі фиброзды сақинадан басталады. Олардың біреуі оң жүрекше-қарынша тесігін, екіншісі сол жүрекше-қарынша тесігін қоршап жатады. Бір бөлімнің талшықтары екінші бөлімнің талшықтарына өтпейді. Сондықтан жүрекшелер мен қарыншалар жеке-жеке жиырылады. Жүрекшелердің бұлшықет қабаты 2 қабаттан тұрады : 1. Беткей-көлденең, 2.Терең-бойлық.

Беткей қабаттағы бұлшықет екі жүрекшені қоршап жатады, ал тереңдегісі әр жүрекшені жеке қоршайды.

Қарынша бұлшық еті 3 қабаттан тұрады. Беткей- бойлық талшықтардан, ол ішкі қабатқа өтеді. Ортаңғы қабат циркулярлы жүріп, бір қарыншадан екінші қарыншаға өтпейді, әр қарынша үшін дербес болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет