Сол жақ жүрекше, atrium sinistrum - артқы жағынан төмен кететін қолқа мен өңешке жанасып жатады. Жүрекшеде қырлы бұлшықет бар. Сол жақ жүрекше – қарынша тесігі сопақ пішінді, төменгі алдыңғы бөлігінде жатады. Сол жүрекше оң жүрекшеге ұқсап алды тарылған, арты кеңейген бөлігіне 4 өкпе венасы құяды.
Оң жақ қарынша, ventriculus dexter - үшбұрышты пирамида тәрізді. Оң жақ жүрекше қуысынан оң жақ қарынша қуысына әкелетін оң жақ жүрекше- қарынша тесігі үш жармалы қақпақпен жабдықталған. Жармалар орналасуына қарай : алдыңғы, артқы, қалқалық боп белгіленеді.
Жармалардың бос жиектері қарыншаға қарайды. Оларға жіңішке сіңірлі жіпшелер бекиді, ал олардың қарама-қарсы ұштары емізікше немесе бүртікті бұлшықеттердің ұштарына бекіген. Емізікше бұлшықеттер-конус тәрізді бұлшықеттер, олардың ұштары қарынша қуысына шығып тұрады, ал түптері оның қабырғасына жалғасады. Оң жақ қарыншада 3 емізікше бұлшық ет бар. Қан оң қарыншадан қақпағы бар тесік арқылы өкпе сабауына келеді. Ол қақпақ диастола кезінде қанның өкпе сабауынан кері қарай оң жақ қарыншаға ағуына кедергі жасайды, ол үш жарты айлы жапқыштан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |