Клитор,clitoris, деліткі, пеничстің үңгірлі денелеріне сәйкес,бас, дене және кішкене аяқтардан тұрады. Ұзындығы 2,5-3,5 см, денесі фиброзды қабықпен қапталған, екі симметриялы жартыға бөлінеді. Денесі алға қарай тарылып баспен аяқталады, ал артқы жағында екі аяқшаға бөлінеді, олар қасаға сүйектерінің төменгі тармақтарына бекиді.
ДӘРІС № 24
ТАҚЫРЫБЫ: Жүрек-қантамырлар жүйесіндегі мүшелерінің анатомиясы және қызметтері.Артерия және вена қантамырларының құрылысы,түрлері. Микроқанайналым
Жүрек-қан тамырлар жүйесі денедегі ең күрделі жүйе.Оның құрамына жүрек, қан және лимфа тамырлары кіреді. Ағатын сұйықтық сипатына қарай тамыр жүйесі екі бөлімге бөлінеді: 1)қан тамыр жүйесі-қан ағатын түтікшелер жүйесі, 2)лимфа жүйесі-түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікшелер жүйесі. Қан айналым жүйесінің тамырлары (латынша vas, грекше аngeon) атқаратын қызметіне,құрылысының ерекшелігіне қарай артерия, вена, капилляр қан тамырлары болып бөлінеді. Қан айналым жүйесінің тамырларын зерттейтін ілім ангиология деп аталады. Артерия қан тамыры қанды жүректен ағзаларға жеткізеді. Ал веналарда қан жүрекке қарай ағады.
Лимфа тамырларында сұйық венадағы сияқты тіндерден орталыққа қарай ағады. Бірақ олардың заттарды шығарып әкетуінде айырмашылық бар: еріген заттарды қан тамырлары сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктерді лимфа тамырлары сіңіреді. Клиникада бүкіл тамыр жүйесін жүрек – тамыр жүйесі деп атап, ішінде жүрек пен тамырларды бөледі.
Қантамыр жүйесі – орталық ағза – жүректен және онымен байланысқан көлемі әртүрлі қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылу арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |