Сыртқы ұйқы артериясы.
Бас пен мойынның сыртқы бөліктерін қанмен жабдықтайды. Ол басталған жерінен жоғары көтеріліп, құлақ асты безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойнында ақырғы 3 тармаққа бөлінеді:
1. алдыңғы;
2. ортаңғы;
3. артқы.
Алдыңғы топ.
1. Жоғарғы қалқанша артериясы. Қалқанша безге келіп, басқа қалқанша артериясымен қосылады. Жолында жоғарғы көмей артериясымен бірігеді.
2. Тіл артериясы. Тіл асты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен шығып, пирагов үш бұрыш арқылы жоғары өтіп, тілге келеді. Оған кіргенге дейін 3 тармаққа бөлінеді:
1. тіл асты сүйегі;
2. таңдай бадамшасы;
3. тіл асты безі.
3. Бет артериясы. Тіл артериясынан жоғары, төменгі жақ бұрышы деңгейінен шығып, шайнау бұлшық етінің алдыңғы жиегі тұсында төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке өтеді. Оны шайнау бұлшық еті алдында төменгі жақ сүйекке қысуға болады. Жұтқыншаққа, жұмсақ таңдайға, таңдай бадамшасына, төменгі жақ асты безімен ауыз көк етімен сілекей бездеріне, жоғарғы, төменгі еріндерге тармақтар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |