9. Жоғарғы жақ сүйек артериясы. Сыртқы ұйқы артериясының соңғы тармағы. Жоғарғы жақ сүйек артериясымен төменгі тістерге, төменгі жақ ұяшықтарына, ми қабығына, жоғарғы жақ тістеріне, мұрын қуысының қабырғалық таңдайға, шайнау бұлшық ет тармақтары барады.
ІІ. Ішкі ұйқы артериясы. Мойынмен жоғары көтеріліп ұйқы тесігі арқылы ми саутына кіреді. Бұл жерде ол түрік ер тоқымының бүйірімен мидың қатты қабығына өтіп, ми негізіне бағытталады. Көру тесігі тұсында одан көз артериясы шығады. Кейін ол мидың алдыңғы артериясы артқы дәнекер артериясына және алдыңғы түтік артериясына тармақталады.
Тармақтары:
1. Көз артериясы. Көз саңылауы арқылы ми сауытынан шығып, көз ұясына бағытталады. Көз ұясындағы көру мүшелеріне, көз жасы безіне, көз бұлшық етіне маңдай терісіне тармақтары береді. Сонымен бірге мұрын қуысына тарам беріп, олар бет артериясына қосылады.
2. Алдыңғы ми артериясы мидың сүйелді денесіне айналып, үлкен ми жарты шарының ылдилау бетін қанмен қоректендіреді.
3. Орталық ми артериясы. Үлкен мидың маңдай, төбе, самай бөліктерін қанмен қоректендіреді.
ДӘРІС № 27
ТАҚЫРЫБЫ: Тұлғаның,қолдың, артериялық қантамырлары. Қолтық, иық, шынтақ және шыбық артерияларының қантамырлары.Алақан артерия доғасы. Қолқаның кеуде бөлігі,құрсақ қолқасы, мықын артерия қантамырлары. Сыртқы және ішкі мықын артериялары
Көкірек қолқасы. Іш қолқасының қабырғалық тармақтары. Іш қолқасының мүшелік тармақтары. Жамбас және аяқтың тамырлары.
Қолқа доғасы арқаға және солға бағытталып, сол жақ бронхтан өткенде оның төмендеген бөлігіне өтеді. Қолқаның төмендеген бөлігі кеуде және іш бөлігінен тұрады. Қолқаның көкетке дейінгі бөлігі – кеуде қолқасы, ал көкеттен өткеннен кейін іш қолқасы болып аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |