Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен лимфа түіндері



бет96/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180
Байланысты:
2 сем

Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен лимфа түіндері.Кеуде қуысының лимфа тамырлары мен түйіндері ішкі немесе « висцералды», сыртқы немесе «париеталды» болып бөлінеді. Ішкі тармақтар лимфаны кеуде қуысындағы мүшелерден, сыртқы париеталды тармақтар кеуде қуысының алдыңғы, төменгі, артқы қабырғаларынан жинайды.

Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері.

Бастың лимфа тамырлары бас терісінің лимфа торларынан басталып, екі топқа бөлінеді: алдыңғы, артқы. Артқы топтағы лимфа тамырлары шүйдеден, төбенің артқы бөлігінен, самайдан, құлақ қалқаны мен сыртқы есту түтігінен, дабыл жарғағынан лимфаны жинайды. Шүйде лимфа тамырлары лимфаны шүйде түйінінен, төбе мен самайдың тамырлары емізік тәрізді түйінге, құлақтан лимфа тамырлары бастың терең және беткей лимфа түйіндеріне барады.

Бастың лимфа тамырлары мен түйіндері беткейдегі және тереңдегі болып бөлінеді. Беткейдегі:желке,емізік тәрізді лимфа түйіндері. Бастың тереңдегі түйіндеріне құлақ маңы, иек асты, төменгі жақ асты түйіндері кіреді.

Мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері алдыңғы және латералды болып бөлінеді. Мойынның алдыңғы беткейдегі лимфа түйіндері алдыңғы мойындырық вена қан тамырын бойлап орналасқан. Алдыңғы тереңдегі лимфа түйіндері лимфаны жинаған мүшесінің атымен аталады. Олар көмей, қалқанша, кеңірдек лимфа түйіндері. Мойынның латералды тереңдегі лимфа түйіндері – бұғана үсті, бұғана асты, жұтқыншақ арты түйіндері. Мойынның тереңдегі лимфа түйіндерінен шыққан тамырлар қосылып мойындырық сабауы пайда болады. Мойындырық лимфа сабауы сол жақ кеуде түтігіне ,оң жақтағысы оң жақ лимфа түтігінеқұйылады.


1. Шүйде лимфа түйіні – терінің астында, жоғарғы желке сызығының үстінде орналасқан 5 лимфа түйіні. Бұларға бастың шүйде, шеке және самай аймақтарының артқы бөлігінен лимфа тамырлары құяды.

2. Емізік тәрізді түйіндер – құлақ қалқанының артында орналасқан 2- 4 түйін. Құлақ қалқанынан, сыртқы есту тесігінен және дабыл жарғағынан лимфа жинайды.

3. Шықшыт түйіндері (беткей және терең) маңдайдан, самайдан, қабықтың латералды бөлігінен, құлақ қалқанының сыртқы бетінен, шықшыт буынынан, шықшыт безінен, жас бездерінен, дабыл жарғағы мен есту түтігінен лимфа жинайды.

4. Төменгі жақсүйекасты түйіндері – төменгі жақсүйектің төменгі жиегіндегі саны 6 - 8 түйіндері. Иектің латералды жағынан, жоғарғы және төменгі еріндерден, ұрттан, мұрыннан, қызылиек пен тістерден қабықтың медиалды бөлігінен, қатты және жұмсақ таңдайдан, төменгі жақ сүйек асты және тіласты сілекей бездерінен лимфа жинайды.

5. Бет түйіндері – көзұясынан, мимикалық бұлшықеттерден, ұрт, ерін, қызылиектің шырышты бездерінен, ауыз бен мұрын аймағындағы сүйек қабығынан, сілекей бездерінен лимфа жинайды.

6. Иекасты түйіндері - тіласты сүйегі денесінің үстінде орналасқан 2- 8 түйін. Ол лимфаны төменгі еріннің бұлшық етінен, терісінен,тілдің ұшынан, иек асты аймағынан, тіласты, төменгі жақасты түйіндерінен жинайды.Түйіннен шыққан тамырлар мойынның терең лимфа түйіндеріне барады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет