Дәріс 15 ЖҰмыртқа және жұмыртқа тауарлары



бет2/9
Дата21.03.2022
өлшемі0,65 Mb.
#28512
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
15 Д жұмыртқа

Жұмыртқа – тағам есебінде пайдаланатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы. Жұмыртқа аса маңызды тұтынушылық қасиеттерімен ерекшеленетін, тіршілікке қажетті тауар. Жұмыртқа тез қорытылғыштығымен, тойымдылығымен және әртүрлі тағамдар жасауға болатын ерекшеліктерімен жақсы бағаланады. Калориялығы жөнінен тағамдық жұмытқаның құндылығы орташа сиыр етіне барабар. Жұмыртқаны өнеркәсіптік негізде өндіру тауар өндірісінің тиімділікке жетуінің басты бағыты болып табылады.


Жұмыртқаның сипаттамасы

Көп құстардың жұмыртқасы ақ болғанымен, көк, жасыл, сұр, сары қоңыр тіпті қара түсті жұмыртқаларда кездеседі. Әдетте тауық жұмыртқасының түсі - ақ. Ал біркелкі, біртұтас болғанымен, жұмыртқалардың бірсыпырасы шұбар болады. Жұмыртқаның көбісі аздап сопақ, бір жағы доғал, бір жағы сүйірлеу болып келеді. Тіпті шар тәрізді домалақ немесе мүлдем сопақ жұмыртқалар да баршылық. Орнитологтар жұмыртқаның бітіміне, түсіне қарап, оның қай құстікі екенін бірден біледі.

Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың түріне, жасына байланысты әр түрлі болады. Тауық жұмыртқаларының массалары 45-46 г, үйректікі-75-400 г, күрке тауықтікі - 80-100 г, қаздікі - 160-200 г. Есте болатын жағдай, кейде "үлкен құстың да жұмыртқасы үлкен" деген ереже шындыққа сәйкес келмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет