Жұмыртқаның құрылымы. Жұмыртқа қатты қабықтан, үлдір қабаттан, жұмыртқа ақ және сары белогынан, ұрықтан және ауа камерасынан тұрады.
Қатты қабығы жұмыртқа ішіндегі ылғалды буланудан және сыртқы орта әсерінен қорғайды. Ол өте майда қуыстардан тұрады, олар әсіресе жұмыртқаның доғал жағында көп болады. Осы қуыстар арқылы жұмыртқа ішінен ылғал сыртқа шығады, микроорганизмдер кіреді және ауа алмасу процесі жүреді.
Жұмыртқа қабығының астында белокты ұстап тұратын үлдір қабықшасы бар.
Жұмыртқаның доғал жағында қабық мен үлдір қабат арасында ауалық камерасы бар. Бұл камераның өлшемі жұмыртқаны сақтау кезінде белоктың кеуіп қалу есебінен үлкейеді.
- Жұмыртқа белогы сыртқы, ішкі сұйық қабаттардан және ортаңғы тығыз қабаттан тұрады. Жұмыртқа ортасында сары уыз бар.
Сары уыздың жоғары жағында ұрық орналасқан.
Тамаққа негізінен тауық, бөдене, мысыр тауығы жұмыртқасы пайдалынады. Суда жүзетін құстар (үйрек, қаз) жұмыртқалары балғын күйінде көп қолданбайды, өйткені, бұл жұмыртқалардың сыртында инфекциялық аурулар тарқататын микроорганизмдер болуы мүмкін.
Сауда орындарына негізінен тауық жұмыртқасы ең көп түседі. Өйткені, тауық жұмыртқасы ең көп таралған және құнды тамақ болып саналады.
Тауық жұмыртқасы салмағына қарай 45-76 гр. Аспаздық рецептураларда жұмыртқаның орта салмағы 46 гр деп алынады.
Тауық жұмыртқаларының:
- сыртқы қабығы 11,5
- белогы 58,5
- сарыуыз 30.
1 кг жұмыртқада сортына қарай 19-27 дана болады.
Достарыңызбен бөлісу: |