Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет4/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өңез немесе үлпек. Өсімдіктердің ауруға шалдыққан мүшеле- рінің үстінде саңырауқұлақтардың мицелийі, конидия мен оның сағақтарынан және жеміс денелерінен тұратын жұқа өңез пайда болады. Ол жетілмеген саңырауқұлақтар әсерінен және ақ ұнтақ (эризифоз), жалған ақ ұнтақ (переноспороз) ауруларына шалдыққан өсімдік мүшелерінде түзіледі.

Қаракүйе. Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелері, әсіресе масақ пен собық қаракүйе тәріздес ұнтаққа немесе түйірлерге айналады. Бұл ауруға көбінесе астық дақылдарының жыныс мүшелері шалдығады. Дән немесе масақ орнына қаракүйе қалташа- лары, болмаса түйірлері түзіледі. Ауру белгілері өсімдіктің сабағы мен жапырағында да кездесуі мүмкін. Олар Ustilaginales қатарына жататын қаракүйе саңырауқұлақтары әсерінен туындайды.

Мумификация. Саңырауқұлақ мицелийлері ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерін торлап, соның нәтижесінде олар семіп, сүректе- неді. Аурудың бұл түріне астық дақылдарының қастауышы, алма

мен алмұрттың және сүйекті жеміс ағаштарының монилиозды немесе сұр шірігі жатады.



Ісік. Бактериялар мен саңырауқұлақтар әсерінен өсімдіктің жеке мүшелері мен жасушалары шамадан тыс көбейеді (гиперпла- зия), немесе көлемін ұлғайтады (гипертрофия). Осының салдары- нан тамырда, түйнектерде, тамыр-жемістерде басқа мүшелерде ісіктер пайда болады. Қырыққабаттың, алма мен басқа жеміс ағаштары тамырларында және картоп түйнегінде неше түрлі ісік аурулары кездеседі. Кейбір жағдайда олар бунақденелілер әсерінен, морфологиялық немесе физиологиялық өзгерістер салдарынан туындауы мүмкін.

Деформация. Вирус ауруларына шалдыққан өсімдіктерде жиі байқалады. Жапырақ тақтасы мен жүйкелерінің біркелкі өспеуінен олар бұйраланады, қатпарланып, түтікше тәріздес ширатылады. Гүлдердің реңі өзгеріп, алапестенеді, олардың күлтешелері мен тостағаншалары жапырақшаға айналады, аталық пен аналықтары шамадан тыс өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет