Дәріс №5 тақырыбы: Балықтан жасалған жартылай фабрикаттарды өндіру


Терісін бірнеше жерден тіліп, тұз, бұрыш сеуіп, қуыру алдында сорты 1 сорттан төмен емес бидай ұнына аунатады. Сүйрікті порциондық кесектерге кеседі. Бекіре балығының порциялық кесектерін аунатар алды



бет4/8
Дата15.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#139617
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
137079.pptx

Терісін бірнеше жерден тіліп, тұз, бұрыш сеуіп, қуыру алдында сорты 1 сорттан төмен емес бидай ұнына аунатады. Сүйрікті порциондық кесектерге кеседі. Бекіре балығының порциялық кесектерін аунатар алдында құрғатады.

Көп мөлшерлі маймен қуыруға арналған жартылай фабрикаттарды (фритюрде) басы кесілмеген немесе бассыз бүтін, терісіз және сүйексіз жалпақ тілікке бөлінген сүбеден, сіңірсіз бекіре балықтарынан дайындайды. Басы кесілмеген немесе кесілген бүтін балыққа тұз, бұрыш сеуіп, ұнға аунатады. Порциялық кесектерін сүйір бұрыштап кесіп және екі ұнтаққа (льезонда сулайды және ұнда немесе қызыл қытырлаққа) аунатады.

Бекіре балықтың звеноларын порциондық кесектерге сүйір бұрыштап кеседі де, жидітіп, жуып ұнтаққа екі қайтара аунатады. Кольбер балығының порциялық кесектерін ромбыға ұқсатып терісіз және сүйексіз дайындайды.

Ромбының ортасын ұзынынан кесіп айналдырып бант жасап, екі түрлі ұнтаққа аунатады.

Ромбының ортасын ұзынынан кесіп айналдырып бант жасап, екі түрлі ұнтаққа аунатады.

Сегіз санына ұқсатып бұралған балықты терісіз және сүйексіз ет сүбесінен жасайды. Ең алдымен жалпақтығы 5-6см және ұзындығы порция салмағына сәйкес тіліктерді дайындайды. Кесілген тіліктерді тегістеп, енін екі жаққа қаратып ортасына қарай сегізге ұқсатып орайды да, ағаш немесе металл шпаждармен қысып қояды. Дайын фабрикатты екі түрлі ұнтаққа аунатады.

Қамырға аунатылып қуырылған балық (орли). Көксеркенің терісіз және сүйексіз сүбесін немесе бекіре балықты ұзындығы 8 см, қалыңдығы 1см кесектерге бөледі де, 1-2 сағ маринадтайды. Содан кейін маринадтан аспаз инесімен іліп алады да, қамырға салып алып (кляр), қыздырылған майға қуырады.

Кляр қамырын дайындау үшін жұмыртқаның сарысын, тұз, қант, өсімдік майын және еленген ұнды қосып араластырады. Қуыру алдында қамырға жақсылап көпіршітілген жұмыртқа ақуызын қосып тоңазытқышқа салады.

Кляр қамырын дайындау үшін жұмыртқаның сарысын, тұз, қант, өсімдік майын және еленген ұнды қосып араластырады. Қуыру алдында қамырға жақсылап көпіршітілген жұмыртқа ақуызын қосып тоңазытқышқа салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет