Дәріс №5 тақырыбы: Балықтан жасалған жартылай фабрикаттарды өндіру



бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#139617
1   2   3   4   5   6   7   8

Тор бетінде қуыруға арналған жартылай фабрикаттарды (грил) көксеркеден, арлан балықтан терісіз және сүйексіз жалпақ тілікке бөлінген, сонымен бірге шеміршексіз бекіре балық звеноларынан дайындайды. Балық кесектерін сүйір бұрышпен кесіп өсімдік майын, лимон қышқылын, бұрыш, тұз, кесілген ақжелкен көгін қосып 10-20 мин маринадтайды. Маринад балық тканьдерін жұмсартып, хош иіс пен дәм береді. Осы әдіспен қуыру үшін сүйрік балықты бүйіріндегі, арқасындағы және қарынындағы тікенектерінен тазалап, ішін жарып жуады, арқа сіңірі мен желбезегін алып тастап, басын ұзынынан шабады, ал ұшасын ішіндегі шеміршегінің үстінен тіледі. Содан кейін жалпақ тіліктерге бөліп, шеміршектерін кесіп маринадтайды.

Істікте қуыруға арналған жартылай фабрикаттарды терісі мен шеміршектерін кесіп тастап бекіре балық звеноларынан дайындайды. Тік бұрышпен қалыңдығы 4-5 см порциялық кесектерге бөледі де, жидітіп, құрғатып, шанышқыға кигізеді, тұз, бұрыш сеуіп, ерітілген маргаринмен майлайды.

Істікте қуыруға арналған жартылай фабрикаттарды терісі мен шеміршектерін кесіп тастап бекіре балық звеноларынан дайындайды. Тік бұрышпен қалыңдығы 4-5 см порциялық кесектерге бөледі де, жидітіп, құрғатып, шанышқыға кигізеді, тұз, бұрыш сеуіп, ерітілген маргаринмен майлайды.

Зраздар

Зраздар. Терісіз және сүйексіз сүбе етін порциялық кесектерге бөліп, қалыңдығы 0,5см жеткенше арнайы балғамен ұрады. Дайын кесектердің ортасына шала қуырылған пияз, майдалап туралған жұмыртқа, бекіре балықтың қайнатып шабылған шеміршектері, ақжелкен көгі , тұз, бұрыш қосылған фаршты салып шұжық секілді орайды да лезьон мен ақ қытырлаққа аунатады.

Шабылған балықтан жасалған жартылай фабрикаттар (сурет 1). Котлет және үзбе массасын дайындау үшін сүйегі аз, өткір иіссіз, майсыз, балғын балықты қолданған жөн.

Котлет массасын балықтың сүбе етінен дайындайды, оған сүтте немесе суда жібітілген 1 сорттан төмен емес қыртыссыз бидай нанын, тұз, бұрыш қосады да 1-2 рет ет турағыштан өткізеді, содан кейін сары май қосып әбден араластырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет