Дәріс №6 Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы қазақ балалар әдебиеті Мақсаты



бет4/5
Дата11.10.2023
өлшемі31,88 Kb.
#113548
1   2   3   4   5
4. С.Торайғыров. С.Торайғыров өмір сүрген уақыт – ХХ ғасырдың бас кезі – дүниені дүр сілкіндіоген қилы-қилы тарихи оқиғаларға толы кезең болатын. С.Торайғыровтың жеке басының қалыптасуы туралы сөз қозғағанда оны өзінің әлеуметтік ортасынан – А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханов, Ғ.Қарашев, І.Ізтілеуов, Ы.Шөреков, Б.Күлеев, М.Сералин және т.б. ғұмыр кешкен ортадан бөлек алып қарастыруға болмайды.
Кезең оқиғалары ақынның дүние-таным көзқарасына, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен түріне, жанрына әсер етті.
Іргелі оқу орнынан білім алу, халқының қызметіне жарайтын азамат болу – оның ынта-тілегіне айналады. Ақын «Шәкірт ойы» деген өлеңінде «Іздегенім табылды, енді дегеніме жетем, халқыма жұлдыз емес, ай емес, күн болам» деген ойға келеді. Оның лирикалық кейіпкері
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың кегіне


Күн болмағанда, кім болам!
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кірермін.
дейді. Бұл – жаңа заман жасының өр талабы. Отан, халық алдындағы борышын түсінген адамның батыл ойы мен шын ықыласының көрінісі. Мұндай жырлардың балаларды отаншылдық рухта тәрбиелеудегі маңызы ешқашан кемімек емес. Ақын ұлттық білім, халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерлей зерттеп, ұрпақтың үмітін оздырып, келешегіне кемелді жол сілтеді. Жастарды өнер-білімге шақыру – ақынның шығармашылық кредосы болды. Ақын мақсатқа жетудің нақты жолы – еңбек деп түсіндіреді. Ұлттық мәдениетті дамыту ұлттың білімді болуына байланысты екенін пайымдаған ақын ұрпаққа білім беру ісіне өзі тікелей қатысып, сабақ берумен де шұғылданды. “Оқудағы мақсат не?” деген өлеңі арқылы оқу ұлттық білім беру жолындағы ұлы іс екенін, оқу тек күн көріс, шен-шекпен алу үшін жасалынатын әрекет қана емес екендігін ұрпаққа ұғындыра жеткізеді.
5.Ж.Аймауытов. Ж.Аймауытов қоғам қайраткері ретінде халық ағарту жүйесінде қызмет істей жүріп, жас ұрпақты өнерге, білімге, ғылымға баулуда да көп еңбек сіңірді. «Тәрбиеге жетекші»(1924), «Психология»(1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау»(1926) кітаптары жарық көреді. Жазушының балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» атты суретті кітапша ертегілері бар. «Кейде негізгі тақырып басқа болса да, білімді мен білімсізді салыстыра көрсету дәстүрі басым болды» дей келіп, Ө.Әбдиманұлы басты тақырыпқа авторлар сауаттылықты қарсы қою идеясын өзек еткендігі жайында айтады [3;89]. Дәл осындай жағдай Ж.Аймауытов «Қыс» өлеңінен байқалады. Өлеңнің басты тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, өлеңнің құылымдық жүйесінен анық байқалады. Өлең кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды бөліктен тұрғандай әсер береді.
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Кіріспе негізгі бөлімде не жайында айтылатындығына оқырманды дайындау мақсатын көздейтін сияқты. Қар жауды, демек, қыс түсті. Түскен қыс өзімен суығын бірге ала келді. Адамдардың жылы киінуі, малдың тоңуы қыс ызғарына байланысты болып отыр. Өлеңнің бірінші бөлімінде алғашқы жолдағы ой жалғаса түскен, яғни, қыс мінезі тағы көрінеді:
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар.
Қылаулатқан қырау бар.
Екінші бөлімде екінші жолдағы харакетке ұқсас тірлік молынан баяндалады:
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар.
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар.
Сүмеңдеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар.
Қонақ айтар қызық бар.
Соңғы бөлім негізгі бөлімдерде айтылған ойдың түйіні іспеттес қабылданады.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік!
Қыс ызғарына қарамай, күнделікті атқарылатын шаруаларға қарайламай оқуға бару керектігі жайындағы ой айтылады. 7 буынды өлшем балаларға арнау түрінде жазылған бұл өлеңге ойнақылық сипат дарытқан. Жауған қар мен соққан боранның еліктеуіш сөздермен бейнеленуі де белгілі дәрежеде өлең ойнақылығын арттыра түскен.
Жапалақ, жапалақ қар жауар,
Жамбасыңа мұз тоңар.
Лақ, тоқты қашады,
Қойшы талқан асады.
-деп келетін халық өлеңінің авторлық өлеңге ықпалы айқын.
«Жаман тымақ» поэмасы(1929). Ж.Аймауытовтың поэмасы М.Жұмабаевтң «Жүсіп хан», «Өтірік ертек» поэмаларына қарағанда шағын көлемді. Мағжан поэмаларындағыдай ұзын-сонар кіріспе жоқ. Балаларды шығарма оқиғасына дайындау ыңғайы да байқалмайды. Кейіпкер сипаттамасы да көп берілмейді. Жеті, сегіз буын аралас жыр өлшемімен жазылған.
Жаман тымақты кедейдің жалғыз сиырын ауылнай алып қояды. «Сорлы кедей қалбаңдап, жаман тымақ жалбаңдап» ақсақалға барады, одан қайыр болмаған соң болысқа келеді, болыс ұрса жөнелген соң молдаға жолығады.
Кітап ұстап молдасы
Қазандай боп сәлдесі
Ол да отырды кедейге:
«Бер деп айтса, бересің!»
Байдан несиеге он сом сұрайды. «Ортан қолдай бес бұзау жыл шығарып бересің?» деген соң начальникке жолықпақ болып кеңсеге келеді.
Кеңседе төре тұр еді.
«Тымақшаңды» көреді.
«Малақай!» - деп бақ етті,
Тымақ бастан топ етті.
Мне, осыдан бастап жаман тымақ хикаясы басталады. Көп қағаздың арасында жатқан тымақты бір күні тілмаш тысқа лақтырады. Көшеде жүрген бір ақ ит тістеп алып кетеді де, ат қора түбіне тастайды.
Өткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты, кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Шәрке, телпек серік боп,
Жатты шкафта құнысып(397).
Арада айлар, жыл өтеді. Шкаф ашылып, тымақ та, телпек те, шәрке де бостандыққа шығады. Билік өзгерген. Өзін тысқа лақтырған тілмаш та, шкафқа тастаған қазақ-орыс та қуғынға түскен. Бұл өзгеріске жаман тымақ әжептәуір желпінеді. Бір қазаққа селбесіп еліне қайтады. «Жаман тымақ қаладан келіпті» деген хабар жедел тарайды. Тымақ біткен жиылып қалады. Түлкі тымақ, сәлде, күрең тымақ, көнетоздау көк тымақ, боқша асынған сұр тымақ бірі қонаққа шақырып, екіншілері бата бермек болып жік-жапар болады. Жаман тымақ иесін табады.
Поэмада елдегі өзгерістер ғана емес, ел мінезі де жақсы көрінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет