Дәріс №6 Тақырыбы: 20 ғасырдың басындағы қазақ балалар әдебиеті Мақсаты



бет3/5
Дата11.10.2023
өлшемі31,88 Kb.
#113548
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 7

3. М.Дулатов. «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы тарих оқулығына ұқсас. Жаттап алуға қолайлы болу үшін өлеңмен жазылған. Автор сөзін «ХХ ғасыр жастарына» арнап отырғанын жасырмайды. Алғашқы екі ұзақ өлең қазақ халқының бүгінгі халін және бұрынғы тарихын әңгімелейді. Жер байлығы кең, емін-еркін өскен халықтың сырттағы жауға мән бере бермейтін бейғамдығын ескертеді.
Ақын жастарға өзі білген мәслихатын айтады. «Насихат ғуммия» атты өлеңінде адамгершілік, ар-инабатқа жетектейтін көп кеңес береді. Міржақып кеңес-насихатының қоғамдық маңызы әлі де зор. Өйткені оның бәрі халық, ел қамын ойлаудан туған.
Қазақ поэзиясында алғаш рет мейірбандық, ізгілік тақырыбына арнау жасады. «Аяңыздар жетімді» өлеңі оқушы көңіліне бауырмалдық сезім егеді. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің балалар үшін тәрбиелік қызметі үлкен. М.Дулатов «Газет-журнал» өлеңі газет-журнал маңызын түсіндіреді. Олардың жазылу бағасын да айтады. Керенауларға «Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пыспай үйде неғып?» деп реніш білдіреді. «Хибстағы ұрының мінажаты» өлеңінде өз кәсібінен көрген қорлығын жіпке тізе келе ұры тәубесіне келеді.
1922 жылы “Есеп құралы”, 1924 жылы “Қирағат” атты оқу құралдарын шығарып, оқу пәндерінің ұлттық ауқымда болып қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Ойшыл педагог драмалық шығармалардың тәрбиелік әсерін жоғары бағалап, сахналық қойлымдардың әсерлендіру қуаты зор екенін ескеріп, 1922 жылы “Балқия” атты төрт перделі пьеса жазды. Өзінің шығармалары арқыл қазақ жастарын оқып білім алуға, ағарту ісін дамытуға шақырып, тәрбие ісінде діни оқу мен тәрбиені қатар қойды. “Өнермен хасыл болған нәрселер” деген өлеңінде ол өркениеттік жолмен озып кеткен елдердің мәнді де сәнді өміріне жас ұрпақты қызықтыра суреттейді.
Жазушы “Бөрік”, “Нұрмаш пен Дүйсен”, “Оқымысты бала”, “Күлмеңіздер кәріге”т.б. балаларға арналған әңгімелерінде балдырғандарды еңбекке, әдептілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Білім алу әрбір адамның қасиетті міндеті деп көрсетеді. Қазақ балалар әдебиетінің прозалық жанрына бір бұлақ болып қосылған бұл әңгімелер ұлы ойшылдың балалар әдебиетіне ерекше көңіл аударғандығын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет