Дәріс №7-8 Тақырыбы: Топырақтың химиялық қасиеттері Мақсаты


Топырақтар мен литосферадағы химиялық элементтер мөлшері



бет3/9
Дата06.01.2022
өлшемі53,08 Kb.
#14568
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Топырақтар мен литосферадағы химиялық элементтер мөлшері

Элемент

Литосфера Топырақ

Элемент

Литосфера

Топырақ

O

47,20

49,0

Mg

2,10

0,63

Si

27,60

33,0

C

0,10

2,00

Al

8,80

7,13

S

0,09

0,085

Fe

5,10

3,80

P

0,08

0,08

Ca

3,60

1,37

Cl

0,045

0,01

Na

2,64

0,63

Mn

0,09

0,085

K

2,60

1,36

N

0,01

0,10

Топырақтың химиялық құрамы негізінен таулық жыныстар құрамына байланысты және оған литосферадағы түрлі химиялық элементтер кіреді. Литосфера мен топырақ құрамындағы элементтер санында ең бірінші орында оттегі тұр, екінші болып-кремний, одан соң-алюминий, темір және тағы басқалар орналасқан, тек топырақта көміртегі 20, азот он есе көп мөлшерде шоғырланған. Бұл элементттердің топырақтарда көп жиналуы түрлі өсімдіктер мен жәндіктердің тіршілігінен болған. Мысалы, А.Виноградов айтуынша, өсімдіктер және жәндіктер қалдығында көміртегі 18, азот 0,3 процент (тірі зат есебімен)мөлшерде болады.

Топырақ құрамындағы оттегі, кремний, алюминий,темір, кальций, магний, натрий, калий және басқа элементтер мөлшері литосфераға қарағада көбірек болуы аналық тау жыныстардың бұзылуына және топыраққұралу жағдайлары мен ондағы процестер құбылысына байланысты.



3.Топырақтағы химиялық элементтер әртүрлі қосындылардан тұрады.

Оттегі (O2) –көптеген біріншілік, және екіншілік минералдар және реакциялар жүрмейді.

Кремний (Si)-топырақта ең көрп тараған элемент. Кремниий қосындыларының негізгісі кварц (SiO2), ол силикаттар құрамында басым. Бұзылу мен топыраққұралу процестері арқасында жылжымалы орто-мета кремний қышқылы (SiO4)4 және (SiO3)2-аниондары,натрий мен калий силикаттары, кейде золь күйінде де кездеседі. Топырақтың арасынан үлбір кремнийдің бір бөлігі шайылып кетсе, екінші бөлігі (қышқыл ортада) тұнбаға-гельге көшеді-SiO4 Бұл изоморфты тұнба, ал сусыз жағдайда екіншілік кварц түріне көшеді.

Жылжымалы коллоидты үлбір кремний, топырақтың құрамындағы 1,5 тотықты негіздермен байланып, екіншілік силикаттарға айналады.



Алюминий (Al)- топырақта біріншілік және екіншілік минералдар құрамына кіріп, органика-минералды кешен, ал қышқыл топырақтарда сіңірілген негіз түрінде кездеседі. Аталған минералдардың бұзылуы нәтижесінде алюминийдің сулы 1,5 тотығы ажарап, бір бөлігі сәл жерде шөгіп қалса, екінші бөлігі золь күйіне, ерітіндіге көшеді. Топырақ ортасы сәл қышқыл тартса, алюминийдің сулы тотығы (Al2O3 ) гель күйіне көшеді,ол кристаллизацияға (қатаю) шалдықса,екінші гибсит Al2O3 пен бемит Al2O3 атты минералдар түріне айналады. Қышқыл ерітінді ортада (pH-5) алюминийдің 1,5 тотығы топырақ құрамындағы органикалық қышқылдармен байланып, кешенді жылжымалы қосындылар түзеді де, топырақтан шайылып кетеді.

Темір (Fe)—өсімдік өмірінде ең қажетті химиялық элемент, өйткені темірсіз хлорофилл құралмайды. Топырақ құрамында біріншілік және екіншілік силликаттты минералдар-сулы және қарапайым тотық, жай тұздар және сіңірілген негіз түрлерінде кездеседі, сондай-ақ органика-минералдық кешенді қосындылар түзеді. Минералдар бұзылуынан ажыраған темірдің сулы тотығы топырақта аз жылжымалы қосынды-аморфты гель (Fe2O3 ) күйіне, ал кристалданса –қатайса-аморфты гель (Fe2O3 H2O) және сулы гетит (Fe2O3 3H2O) түріне көшеді. Тек тым қышқыл ортада (pH-3), топырақ ерітіндісіне жылжымалы темірдің Fe3+ ионы басым болады. Тотықсызданған жағдайда темір тотығы шала тотықты ерітінді FeCO3, Fe (HCO3) және FeSO4 сияқты өсімдіктерге тиімді қосындылар түзеді. Бірақ та топырақта жылжымалы темір қосындылары көп жиналса,өсіп тұрған өсімдікке зиян келтіру (уландыруы) мүмкін,бейтарап және сілтілі орталы топырақтың құрамында темір тотықтану құбылысына шалдығып, тиімсіз түріне кешеді де, өсімдік қорегіне темір жетіспей қалады, соның салдарынан ол хлороз ауруына шалдығады.

Темір мен алюминийдің сулы тотықтары органикалық қышқылдармен әрекеттесіп, кешенді жылжымалы қоспаларға айналады да, топырақтан жеңіл шайылып кетеді.



Азот (N)-белок (ақуыз) құрамына кіретін, хлорофилл нуклеин қышқылдары және фосфатит, тағы басқа тірі клеткалар құратын органикалық заттарға қатынасы бар элемент. Азоттың негізгі бөлігі топырақтағы органикалық заттар құрамына кіреді.Оның мөлшері органикалық заттар, әсіресе гумус (қарашірінді) мөлшеріне сәйкес. Көп топырақтарда бұл элемент қарашіріндінің 1 (40-тан-1)/20 бөлігі шамасында, ол атмосферадан биологиялық тұтылу арқылы жиналады, топыраққұраушы жыныстарда азот тіпті жоқ деуге болады.

Өсімдіктер азотты топырақ ерітінлдісінен, органикалық азотты заттар, әсіресе қарашірінді ыдырауынан бөлініп шығатын,аммоний, нитраттар және типті жоқ деуге болады, ал аммоний мен нитраттық азот өсімдіктер қорегінің негізі болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет