Дәріс №7-8 Тақырыбы: Топырақтың химиялық қасиеттері Мақсаты


Топырақтың радий белсенділігі-



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі53,08 Kb.
#14568
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4.Топырақтың радий белсенділігі-ондағы радийбелсенді элементтер мөлшеріне байланысты, оның табиғи және жасанды белсенділік екі түрі бар.

Топыраққа табиғи радийбелсенділікті табиғи радийбелсенді элементтер береді. Олар топырақ пен топыраққұраушы жыныстарда әр мөлшерде шоғырланады. Табиғи радийбелсенді элементтер 3 топқа бөлінеді:бірінші топқа изотоптарының,барлығы радийбелсенді элементтер жатады, оларға 3 ұялы бірте-бірте изотоптанатындар жатады:уран-радий-торий-актиний қатардағылар. Олардың аралық ыдыранды азығы-қатты және газды күйіндегі изотоптар (эманациялар). Осы қатардағы ең маңыздылары-уран (238,235 U), торий (232 Th),радий (226 Ra) және радон (222,220 Rn).Екінші топқа кіретіндер кәдімгі радийбелсенділік қасиеттері бар элементтер: калий () ,рубидий (),кальций (), цирконий (), тағы басқалар;осылар ішінде табиғи радийбелсенділігі жоғары ең маңызды элеменке калий жатады.Үшінші радийбелсенді изотоптар тобына атмосферада күн сәулесінің әсерінен жаралатын тритий (),беридий (), және көміртегі () кіреді.

Жасамды радийбелсенділік топырақта атомдық және термоядролық жарылыстарда шыққан радийбелсенді изотоптардан немесе атом өндірісінің қалдық заттарынан шыққан изотоптардан туады. Атом қаруын сынайтын жарылыстар нәтижесінде бөлініп шығатын көптеген радийбелсенді заттар ауа кеңістігінің үлкен алабына тарайды да, кейін құрлыққа қонып, кең аймақ топырақтары мен табиғи суларын радийбелсенді изотоптармен ластайды. Биологиялық айналымға қосылып,жасанды радий изотоптар, «топырақ -өсімдік» жүйесі арқылы, адам мен мал денесінде жиналады да,тіршілікке зиян келтіреді. Ең зиянды изотоптарға стронций () мен цезий () жатады,олардың әсері көп уақытқа (-дікі 28, -дікі 33 жылға ) созылады,яғни жоғары қуатты изотоптар сәулесі биологиялық айналымда ұзақ уақыт жүреді. Сондықтан олардың сіңіру,жылжу және тіршілікке тарау заңдылықтарын білу өмірлік қажет іс.



Жалпы мен -дің 80-90 проценттей мөлшері топырақтың жоғарғы 5-9 см қабатында шоғырланады. Радийбелсенді изотоптар көбінесе құрамында гумусі мол, лайық бөлшектері және монтмориллонит,сулы слюдалы балшықты минералдары бар топырақтарда шоғырланады. Өзінің химиялық қасиеті мен изотоп кальцийге, ал калийге жақын тұрады. Олардың көп бөлігі топырақта алмаспалы сіңірілген күйінде жинақталған, ал кейде алмаспай да сіңіріледі. Радийбелсенді изотоптардың жылжымалылығы негізінен топырақпен тығыз байланыстылығына тәуелді-жеңіл дәрежеде білінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет