Калиий (K2O)-физиологиялық ең маңызды өсімдіктер (картоп, шөптер, темекі, тамырлы жемістер) көп мөлшерде сіңіретін элемент. Топырақта қорлы калий мөлшері 2 проценттен асады,жеңіл механикалық құрамды топырақта ол аз.
Калийдің негізгі бөлігі топырақ құрамындағы біріншлік және екіншілік минералдар құрамына кіреді: биотит пен мусковит құрамындағы калий, кристалдық байланысы олқы болғандықтан, өсімдікке тиімді қор болып саналады. Топырақта калий алмаспалы сіңірілген және қарапайым еркін тұздар түрінде кездеседі. Соңғы түрінің өсімдікке тиімділігі жеңіл,бірақ мөлшері көп емес. Өсімдікке тиімді түрі алмаспалы калий болғандықтан, топырақтың калиймен қану дәрежесі жоғарылаған сайын оның тиімділігі де өседі.
Кальций (Са) мен магний (Mg) де калий сияқты физиологиялық қажетті элементтер. Мысалы,магний құрамына кірсе,кальций топырақтың маңызды физикалық, физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін жақсарту арқылы, өсімдіктердің өніп-өсіп, дамуына жағдай туғызады. Кальций мен топырақ минералдарының кристалдық қаңқасына кіреді де, олар бұзылған жағдайда алмаспалы және қарапайым (хлоридті, нитратты, карбонатты,сульфатты, фосфатты Са) тұздары күйіне көшеді.
Кіші элементтер топырақта тым аз мөлшерде ( проц) кездеседі.Оларға бор (В), марганец (Mn), молибден (Mo), мыс (Cu),мырыш (Zn), кобальт (Co), йод (I), фтор (F) және тағы басқалар жатады (10-кесте).
Кесте 10
Іле Алатауы топырақтарындағы кіші элементтер мөлшері (З.Шлавицкаяша), процент
Кіші элементтер
|
Топырақтар
|
Таулық шалғынды және таулық қара топырақ
|
Күңгірт
қара-қоңыр топырақ
|
Ашық қара қоңыр топырақ
|
Құба топырақ
|
Марганец
|
0,062-0,190+/
|
0,036-0,072
|
0,044-0,051
|
0,011-0,021
|
Ванадий
|
0,004-0,011
|
0,004-0,0008
|
0,006-0,008
|
0,011-0,021
|
Мырыш
|
0,013-0,029
|
0,019-0,220
|
0,015
|
0,008-0,011
|
Бор
|
0,003-0,008
|
0,008-0,009
|
0,006-0,009
|
0,004-0,005
|
Хром++/
|
0,005-0,009
|
0,005-0,009
|
0,008-0,011
|
0,003-0,004
|
+/-620-1900 мг/кг- топырақтағы жылжымалы түрі,
++/-сондай-ақ топырақта 0,004-0,001 проц.мөлшерде мыс, кобальт,никель бар.
Кішіэлементтер өсімдік пен жануарлар және адамзат тіршілігіне физиологиялық және биохимиялық өте маңызды рол атқарады, олар ферменттер, гормондар және витаминдер құрамына кіріп, органикалық заттар синтезін шапшаңдатады және өнім сапасын жақсартады. Витамндер жетіспесе, тірі организм өсіп-даму тоқталып, түрлі ауруға шалдығады. Мысалы, адамдар молибден мол болса подагра, йод жетіспесе зоб (тамақ ісу) ауруынан зардап шегеді. Бор жетіспесе қант қызылшасының тамыры шіри бастайды және т.б.
Топырақтағы кіші элементтерінің шоғарлану мөлшері ең алдымен, олар құралтын жыныстар құрамына және топырақ қалыптасуындағы құбылыстарға байланысты. Топырақтың жоғарғы қабатында гумус мөлшері артқан сайын, кіші элементтер де жеткілікті болады; аллювилік (күлгіндік, лессиваж) құбылыстар үдеген сайын,топырақтағы кіші элеметтер мөлшері де азаяды. Орманды-тайга, орманды дала мен кәдімгі даланың топыраққұраушы құмбалшықты жыныстары құрамында мысалы, мырыш, кальций мен молибден мөлшері біркелкі, ал құм, құмайттарда олар аз болады.Тек балшықты сланецтер, басқа жыныстарға қарғанда мырыш,мыс және кобальтқа бай. Кейбір кіші элементтер кен орындары мен жанар тау күлінде көбірек. Кіші элементтер топыраққа тыңайтқыштар, пестицидтемен қосыла келуі де мүмкін, бұны технологиялық ластану дейді. Бұл құбылыс топырақтың механикалық құрамына, гумус молшылығына, сіңіру сыйымдылығына және ылғалдану, тотығу-тотықсыздану құбылысына байланысты болады.
Кіші элементтер топырақ жаратылысына сәйкес өзгереді. Мысалы, эллювилік құбылыс үдеуінен, шымды-күлгін топырақтың жоғарғы қабатынан мырыш, кобальт, молибден, мыс шайылып барып,төменгі жынысқа жақын бөлігінде шоғырланады. Керісінше, кіші элементтер аккумуляциялық процесі басым қара топырақтың гумустік жиегінде көп мөлшерде шоғырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |