Фосфор (P2O5) – көптеген органикалық қосындылар құрамына кіретін және өсімдік тіршілігіне өте қажет элемент. Өсімдіктер денесіндегі ақуыздың 0,1 проценттей мөлшері (құрғақ зат) есебімен P2O5 ионына келеді. Фосфор көбінесе топырақтың жоғарғы қабатында шоғырланғандықтан, оны осы қабаттан өсімдік көп мөлшерде сіңіре алады. Қара топырақтағы жоғарғы қабатында шоғырланғандықтан, оны осы қабаттан өсімдік көп мөлшерде сіңіре алады. Қара топырақтағы қорлы фосфор мөлшері 0,35 процентке дейін аутқиды да, көбінесе органика-минералды қосындылар құрамына кіреді.Фосфор органикалық, заттар-құрамында фитин, нуклеин қышқылы, нуклеопротеидтер мен фосфатидтер, қантты фосфаттар және басқа кальций, магнийдің минералды тұздары, темір мен алюминийдің ортофосфор қышқылдары түрінде болады.
Қорлы фосфор топырақтағы апатит, фосфорит және вивианит минералдары құрамына кіріп, оның қатты бөлігінде сіңірілген фосфат-анионы түрінде ұсталады. Аталған минералдар ішінде апатит көптеген магмалық тау жыныстары құрамына кіреді де, фосфор қорының 95 процентін қамтиды. Минералдық қосындыларда фосфор мөлшері қиын еритін күйінде кездеседі, мысалы, магний, кальций,алюминий және темір фосфаттарының ерімталдығы топырақтың негіз көрсеткішіне байланысты-ол өскен сайын фосфаттар ерімталдығы азаяды.
Фосфор өсімдіктердің негізгі қоректік элементіне жатады. Органикалық фосфорды өсімдік, тек органикалық қосындылар ыдыраған-минералданғаннан соң, топырақ ерітіндісінен сәл қышқыл ортада (pH-6-6,5) жақсы сіңіреді. Құнарлылық тұрғысынан барлық топырақтар фосфор тыңайтқышын қолдануды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |