Энергетикалық объектілердің ішінен экономикалық та, экологиялық та тұрғыдан ядролық энергия көздерінің болашағы бар деп есептелуде. Бұның себебін ядролық отын қорының көптігімен және оның қоршаған ортаға тигізер зияндығының аздығымен байланыстыруда. Мысалы, 1000 т. тас көмірден алынатын энергия мөлшерін 0,5 кг ядролық отыннан алуга болады. Соңғы уақытқа дейін АЭС негізгі экологиялык мәселелерінің мазмұны қолданылып болған ядролық отын қалдықтарын көму мен ескірген АЭС жою мәселелерімен байланысты болып келді.
1986 ж. әлемдегі 400 ядролық энергоблоктар бүкіл өндірілген энергияның 17%-тін беріп тұрды. Чернобыль АЭС-дағы катастрофиядан кейін негізгі экологиялық қауіпті авария мүмкіншілігімен байланыстыруда. Әр түрлі деректер бойынша Чернобыль АЭС авариясы кезінде сыртқа шыққан бөліну өнімдерінің мөлшері 3,5%-тен (63 кг) 28%-ке дейін жетті. (Хиросимаға тасталған бомба тек 740 г радиоактивті затты атмосфераға таратты).
Соңғы уақытқа дейін АЭС негізгі экологиялык проблемаларының мазмұны қолданылып болған ядролық отын қалдықтарын көму мен ескірген АЭС жою проблемарымен байланысты болып келді.
1986 ж. әлемдегі 400 ядролық энергоблоктар бүкіл өндірілген энергияның 17%-тін беріп тұрды.
Атомдық энергетика
Чернобыль АЭС-дағы катастрофиядан кейін негізгі экологиялық қауіпті авария мүмкіншілігімен байланыстыруда. Әр түрлі деректер бойынша Чернобыль АЭС авариясы кезінде сыртқа шыққан бөліну өнімдерінің мөлшері 3,5%-тен (63 кг) 28%-ке дейін жетті (Хиросимаға тасталған бомба тек 740 г радиоактивті затты атмосфераға таратты).
Осы авариядан кейін Швеция, Италия, Бразилия, Мексика АЭС салуды толық тоқтатуға шешім кабылдады. ІПвеция өз территориясындағы жұмыс істеп тұрган, елдің барлық электроэнергиясының 45%-тін беретін 12 реакторларды тоқтатып, бұзуға кірісті.
АЭС-ның авариялары алға жаңа талаптар қойып отыр. Ол ядролық энергия көздерінің қауіпсіздігін күшейту.
Атомдық энергетика атом ядросының бөлінуі нәтижесінде шығатын термоядролық энергияға негізделген.
Қазіргі кезде ғалымдар екі кіші ядро қосылып, бір үлкенірек ядро түзілеген кездегі шығатын энергияны қолдану мүмкіншілігін ісдестіруде. Бұл ядролық синтезде екі сутек атомдары қосылып бір гелий ядросын түзеді. Екі элемент те қоршаған ортаға еш зиян әкелмейді және таусылмайды. Осы әдістің қолдануына тежеу болып тұрған себеп, бұл процесс тек өте жоғары кысым мен шамасы 100 млн. градус температурада жүреді.