Дәріс №7 Тақырыбы: Химиялық өндірісте қолданылатын энергия көздері



бет7/7
Дата21.10.2022
өлшемі1,15 Mb.
#44565
1   2   3   4   5   6   7

Қоршаған ортаны ластау мәселесі

  • ЖЭС-ның жұмысы кезінде атмосфераға көміртек, күкірт және азот оксидтерінен басқа құрамында ауыр металдары да бар 25-ке жуық элементтері бар күл, шаң және түтіннің орасан көп мөлшері тасталынады. Соңғы жылдары көмірмен жұмыс істейтін жылу станцияларының жанында радиациялық ластану табиғи радиация аясынан орташа есеппен 100 есе артатыны анықталды. Бұл жағдай жай көмірдің құрамында әрқашан уран-238, торий-232 микрокомпоненттерінің болуына байланысты келеді. Осылардың барлығы қоршаған ортаға түседі. Көмірдің отын ретінде қолданылуының ең маңызды экологиялық кемшілігі – оның күкірт диоксидімен SО2 ластануы, сонымен қатар күлді қалдықтардың өте көп мөлшерде қалуы. Сонда-ақ, көмірді жаққаннан кейінгі қалдықтардың құрамында күшән, қорғасын, сынап және бірқатар радиоактивті заттардың іздері болады.
  •  

Экоэнергетика 

  • Энергетика қоршаған ортаға ауа, су, жер бетіндегі және жер қойнауының ластаушы көзі ретінде айтарлықтай әсер етеді. Энергетика мен табиғи ортаның қарым-қатынасы мәселелерінің күрделі болғаны соншалықты, бұл жаңа ғылым – экоэнергетиканың пайда болуына әкелді.
  • Экоэнергетика – қоршаған ортаға энергияны өндіру, сақтау, беру және пайдаланудың заманауи әдістері әсерінің салдары туралы, сондай-ақ энергия дайындау, сақтау, беру және пайдалану әдістерін экологиялық таза, тиімді бағытта энергетика дамуының мүмкін жолдары туралы ғылым

Бекіту сұрақтары

Әдебиет

  • Тойбаев И.К. Жубанов Қ.А. т.б. Химиялық технологияның негіздері. Алматы- Изд. Қазақ университеті, 2011ж.
  • Ж.К. Кайырбеков, Е.А. Әубәкиров. Жалпы химиялык технология: Оқу құралы. Алматы: Казак университеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет