Биогаз – бұл қалпына келетін ресурс және мұны кез келген органикалық қалдықтан
(тамақ қалдығы, мал қалдығы, тұрмыстық қалдық, ағын суларының тұнбасынан т.б.) алуға болады. Тек бір ғана ауылшаруашылық өнімдерінің қалдықтарынан пайда болған биогаздың потенциалдық қоры жылына 1-1,3 млрд. тонна жанғыш шикізат береді, бұл пайдаланылатын дүниежүзілік энергия ресурстарының оннан бір бөлігі. Биогаз қондырғыларында биогазды әртүрлі ауқымда алуға болады. Ол өз кәсіпорнын энергиямен қамтамасыз ету үшін шағын тазарту мен қондырғылар болуы мүмкін және газ бен электр қуатын желіге беруге арналған алып орталықтандырылған энергия парктері болуы мүмкін.
Күн энергиясын тікелей пайдалану жылыту үшін, ыстық сумен қамтамасыз ету үшін өте тиімді. Жазық коллектор болса жеткілікті. Коллекторлардың көптеген түрлері бар, алайда олардың барлығының беті қара, ал оның үстінде әйнектен немесе түссіз пластмассадан тұратын «терезе» бар. Бұл беттік қабат жарық энергиясын сіңіреді де, оны жылу энергиясына айналдырады, ал «терезе» жылудың кеңістікке тарауына жол бермейді. Жылыту үшін ауаны терезе мен қара беттің ортасынан жібереді, ал суды – беттік қабаттың арасымен құбырлармен жібереді. Күн энергиясын жинақтау және оны жылу энергиясына айналдыруға жұмсалатын шығын өте аз.
Күн бұлақтары. Жасанды су қоймалары тұздықтармен (аса тұздалған су) жартылай толған, ал оның үстінде тұщы су бар. Тұзды судың тығыздығы жоғары келеді, сондықтан ол түбінде қалады және жоғарғы қабатпен тіптен араласпайды. Күн сәулелері тұщы су арқылы өтіп, тұзды сумен жылуға айнала сіңіріледі. Жоғарғы қабат төменгі қабаттың салқындауына мүмкіндік бермей оқшаулағыш қызметін атқарады. Тұздың ыстық қабаты құбырлар арқылы бөлмені жылытады.
Күн энергетикасына қатысты мәселелер
1 Қуаттылығы үлкен аспаптарға үлкен аумақ қажет
2 Фотоэлементтер түнде жұмыс істемейді
3 Фотоэлементтер құны қымбат
4 Фотопанельдерді шаңнан тазартып отыру қажет
5 30 жыл пайдаланғаннан кейін тиімділігі азаяды
6 Фотоэлементтерде улы заттар бар