Дәріс №7 Тақырыбы: Химиялық өндірісте қолданылатын энергия көздері



бет3/7
Дата21.10.2022
өлшемі1,15 Mb.
#44565
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Лекция-7 Энергия

Екіншілік энергия көздері

  • Екіншілік энергетикалық ресурстар (ЕЭР) – технологиялық агрегатта түзілетін, бірақ сол агрегаттың өзінде қолданылмайтын қалдықтардың, қосымша жəне аралық өнімдердің энергетикалық потенциалы. Ол басқа өндірістерді аздап немесе толығымен энергияны қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін.
  • Басқаша айтқанда, екіншілік энергоресурстар деп соңғы, қосымша және аралық өнімдер мен қалдықтардың энергетикалық потенциалын айтады.
  • Мысалы, реакциялардың жылу эффектілері, процестен шығатын екіншілік энергоресурстарға өнімнің (экзотермиялық) жылуы, қысылған газ бен сұйықтың потенциалды энергиясы жатады. Көбіне ол химиялық, мұнай өңдеу, мұнай химиясы, металлургия, газ, машина шығару өндірістерінде болады.

Химиялық отын

  • Энергияның негізгі көзі - химиялық отын (қазылатын көмір, торф, мұнай өнімдері, табиғи және техникалық газдар) химия өндірісінің энергоресурсының 10% құрайды. Оның ішінде газ - 19,4%, қатты отын -30,9%, мұнай өнімдері - 47,2%, 2-орында пайдаланатын су энергиясы және ядролық энергия. ГЭС энергиясы 12%.
  • Отынның құрамын төмендегідей жалпылама формуламен сипаттауға болады: C + H + O + N + S + W + Z = 100%
  • мұндағы көміртек, сутек, оттек, азот және күкірт өзіне сай таңбалармен белгіленген; ал W – ылғал мөлшері; Z – күл мөлшері. Отынның құрамындағы элементтердің сандық қатынасы әртүрлі және оның типінен ғана емес, сонымен қатар оның пайда болу орнына да байланысты өзгеріп отырады. Бірақ барлық жағдайда да оның негізгі бөлігі (орташа 80 %) көміртектен тұрады. Сондықтан да тек осы компонент отынның жылу беру мүмкіншілігін анықтайды:
  • С + О2 → СО2 + 393,5 кДж/моль

  • Отын жануының негізгі өнімі көміртек диоксиді CO2, оның өте көп мөлшері атмосфераға жылу электр станциялары (ЖЭС), көліктер және заводтар арқылы түседі, мұның салдары «парниктік әсерге» әкеледі.

Баламалы энергия көздерінің пайда болу себептері:
Дәстүрлі энергия көздерінің сарқылуы
Пайдалы қазбалардың қорынан тәуелсіз болу
СО2 бөлінуін азайту
Су энергетикасы (гидроэнергетика грек, "һydor" — су ылғал, energia — қызмет, әрекет) бөгет салу арқылы немесе бөгетсіз ағын судан энергия алу.
у
Бұқтырма СЭС-і, Қапшағай СЭС-і, Шардара СЭС-і т.б. бар. Су энергетикасының энергия көздері турбина арқылы өтетін су ағынының орны өзенге немесе көлге құятын және бұлақ суымен толтырылады. Су энергетика қорлары — өзендер мен сарқырамалардың құлама суынан алуға болатын энергия қоры. Энергияның бұл көзінің артықшылығы — оның қоры сарқылмайды, үнемі қалпына келіп отырады. Бұл энергияның арзан, әрі гигиеналық тұрғыдан таза түрі болып табылады
Су энергиясы
Гидроэнергетика — теңіздер мен мұхит суы ағынының энергиясын электр энергиясына айналдыру.
Артықшылығы


Биоэнергетика – биомассадан энергия алуға негізделеді
Пеллет (гранула) – торф, ағаш шіріндісінен алынатын биоотын
Сұйық биоотын– қант құрағынан, рапс, жүгері, соя, жануар майынан алынады
Биогаз–
метан мен СО2 тұратын биомассаның шіруінен алынатын газ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет