Дәріс №7 timss -2015-2019: Қазақстан жетістіктері


-сынып оқушыларының математикалық дайындығының орташа көрсеткіші 528 балды құрады. Қазақстанның негізгі мектебі қатысушы барлық 39 елдің ішінде ең жоғары беталысты көрсетті (+ 41 балл)



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі22,46 Mb.
#15290
1   2   3   4   5   6   7   8

8-сынып оқушыларының математикалық дайындығының орташа көрсеткіші 528 балды құрады. Қазақстанның негізгі мектебі қатысушы барлық 39 елдің ішінде ең жоғары беталысты көрсетті (+ 41 балл).

8-сынып оқушыларының математикалық дайындығының орташа көрсеткіші 528 балды құрады. Қазақстанның негізгі мектебі қатысушы барлық 39 елдің ішінде ең жоғары беталысты көрсетті (+ 41 балл).

TIMSS-2015-те ілгері деңгейдің тапсырмаларын орындаған қазақстандық сегізінші сынып оқушылары үлесінің өсімі 5 есе артты.

Қазақстандық орта мектеп күрделілік деңгейі орташа математикалық есептерді шешу қабілетін анағұрлым сәтті көрсетті. Алайда, TIMSS-2015-ке қатысқан сегізінші сынып оқушыларының 9%-ы натурал сандар мен ондық бөлшектерге арналған қарапайым есептерді, қарапайым сызықтық графиктерді шығара алмады. Қазақстандық сегізінші сынып оқушылары «Алгебра» және «Сандар» бөлімдерінің тапсырмаларын анағұрлым жақсы орындады.

Қазақстандық сегізінші сынып оқушыларының «Деректерді талдау» бөлімінің тапсырмаларын орындау көрсеткіші (492 балл) елдің орташа көрсеткішінен (529) төмен болды. «Геометрия» бөлімінің тесттерін орындаудағы айырмашылық Корей Республикасының ең жоғары көрсеткішімен салыстырғанда, мысалы, 83 балды құрады.


8 сынып оқушыларының математика пәнінен нәтижесі

Математика курсын оқытуда сандар теориясының академиялық білімін пысықтауды өзектендіру ұсынылады. Сонымен бірге, өткізілген талдау негізгі мектептің «Деректерді талдау» мазмұндық саласы бойынша математикалық дайындығын нығайту қажеттілігін дәлеледейді. Халықаралық тесттің бұл мазмұндық бөлімі қазақстандық қатысушылардың басым бөлігінде қиындық туғызады. Бұл бөлімнің тапсырмаларын орындау қолданбалы сипатты тапсырмаларды қарастырады.

Қазақстандық қатысушылар талдау дағдыларының және мазмұндық талдау қабілеттерінің төмен деңгейін көрсетеді. ІТ-технологиялардың үдеуі мен ақпараттық материалдардың басым болуына байланысты оқушылардың бұндай дағдыларын қалыптастыру аса маңызды. Математикалық тапсырмаларды мазмұндық бөлімдер бойынша сәтті орындау оқушылардың білімді қолдану, шешім қабылдау және жауаптарды дәлелдеу сияқты қалыптасқан дағдыларының деңгейіне тікелей байланысты болады

TIMSS халыаралық зерттеулерінің математикалық және жаратылыстану білім беру сапасының халықаралық салыстырмалы мониторингтік зерттеуін Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы төрт жыл сайын өткізетінін және оның мақсаты тұралы алда айтылды. 2019 жылы жетінші оқу циклі өткізілді, алдыңғы циклдар 1995, 1999, 2003, 2007, 2011 және 2015 жылдары болған. 2019 жылғы TIMSS сауалнамасына 60-тан астам ел қатысады деп жосрарланған болатын.

TIMSS зерттеуінің осы циклінің айырмашылығы - компьютерлік тестілеуге көшу.

 Нәтижелердің алдыңғы циклдардың нәтижелерімен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін тестілеу бір уақытта компьютерде де, қағаз түрінде де жүзеге асырылады: білім беру ұйымдарының көпшілігінде тестілеу компьютерлік негізде, ал кейбір білім беру ұйымдарында қағаз дәптерлерінде арнайы дәптерлерде өткізілетін болады.

Зерттеу бағдарламасына сәйкес математика және жаратылыстану циклінің пәндері бойынша нәтижелерді оқумен қатар, оқушылар, мұғалімдер мен мектеп әкімшілері, сонымен қатар 4-сынып оқушыларының ата-аналары арасында сауалнамалар жүргізілетіні жоспарланды.

Зерттеудің осы циклінің Қазақстан бойынша ұлттық есебі 2020 жылдың мамыр айында дайын болады деп есептелген еді. Дегенмен зерттеу нәтижесіне талдау жасау біраз уақыт алатын болғандықтан әлі дайын болмай жатқандықтан олардың нәтижелерімен алда танысатын боламыз




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет