Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет19/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕР;- 1. Гепатоцеллюлярлы обыр немесе катерлі гепатома, әлбетте цир¬роз фоны негізінде гепатоциттерден дамиды. Ер адамдар әйелдерге қараганда 2 есе жиі кездеседі. Инвазивті өсумен сипатталады, кақпа және қуыс веналарға жабысып сіңіп өседі, сонымен қатар көкетке енеді. Жасушалық атипизм айырықша көрнекті — жасушалар әр түрлі пішінді және көлемді атипиялы гиперхромды ядролары бap, дұрыс емес митоз байкалады. 2. Гепатоцеллюлярлық карци нома портаольдық лимфа түйіндеріне метестаз береді, кешірек гематогендік метастаздар өкпеге, ұйқы безіне, бас миына, сүйектерге, бүйрекүсті бездеріне береді. Болжам колайсыз. 3. Холангиоцеллюлярлық обыр өт түтіктерінің эпителияларынан дамиды, инфильтративтік өсумен сипатталады, негізінен көбінесе өт жолдары бойында тарайды, бауырға жабысып еніп өседі, сондықтан ауруларда саргаюлық пайда болады. Микроскопиялық обыр үлкен емес атипиялық жасушалардан тұрады, ядролары гиперхромды, негізінен безге ұқсас құрылымдардан жасалады. Ісікте аркаулық зат көп. Болжамы жақсы емес.
ӨТ ҚАБЫНЫҢ АУРУЛАРЫ;- Өт қапшығы тастары әр түрлі метаболдык бұзылыстардың нәтижижесінде жиі жасалады, бірінші кезекте — минералдық алмасу бүліністерінде. Кейбірде өт капшығында тастың болуы клиникалық симптомсыз жасалады. Бірақ өт қабшығы түтігіне түскен күнде олар өттің өт қапшығынан шығуын қиындатады, сөйтіп оның шемені дамуына әкеледі. Егер тас жалпы ортақ өт түтігін бітесе, онда бауырасты сарғаю дамиды. Қайсы бір жайда тас өт қапшығы кабыргасының жыланкөз дамуының себебі болып, артынша перитонитке соқтырады. 
ӨТ ҚАПШЫҒЫНЫҢ ҚАБЫНУЫ;- Өт қапшығының қабынуы немесе холецистит, пайда болуы әр түрлі себептерден, соның ішінде өт капшығында жиі тастың болуы. Ол қалай жедел болса, солай созылмалы болып келуі мүмкін.
Жіті холецистит сероздык сипатта, жиі сондай-ақ іріңді (флегмонозды холецистит) және гангренозды болып келеді. Өт қапшығы түтігі таспен бітелгенде (обтурация) өт капшығы эмпиемасы дамиды. Қабыну өт түтіктеріне жайылуы мүмкін, солай холангит және холангиолит дамиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет