Дәріс; асқазан-ішек жолдарының аурулары ауыз қуысында ac қорыту бұзылыстары



бет16/28
Дата26.01.2023
өлшемі373,41 Kb.
#63101
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
лекции

БАУЫРДЫҢ АЛКОГОЛЬДІК ЦИРРОЗЫ-Бауырдын алкогольдік циррозы араққорлыққа шалдыққан ааамдардың 15—20% дамиды. Бұл дертке тән белгі гепатоциттер ортасында дәнекер тіннің дамуы — центролобулярлык фиброз дейді, сонымен бірге дәнекер тін бауыр жасушаларының тобын қоршап пайда болады, нәтижесінде диаметрі 5 мм-ге дейін бара¬тын түйіндер жасалады майда түйінді цирроз дейді. Гепатоциттер ішінде — ірі тамшылы майлану, майлы кисталар, темір жиналуы, көп Мэллори денешіктер болады. Алкогольдік цирроз бауырлық сарғаюмен асқынады және созылмалы бауырлык жетіспеушілік дамып, сонымен бітеді.
БАУЫРДЫҢ ПОРТАЛЬДЫҚ ЦИРРОЗЫ-Бауырдың портальдық циррозы фиброздық септаның портальдык трактыдан бөлікшелерге енуімен байланысты қалыптасады нсмссе орталык венадан шығады, ол орталық веналаларды поргальдық ауданмен жалғастырады сөйтіп майда жалған бөлшектер пайда болады. Микроскопиялық көрінісі біртектілігімен сииатталады — жіңішке ілметұзакталған дәнекер тіндік тор, кішкентай көлемді жалған бөлікшелер. Бауыр циррозы әлбетте созылмалы жүрек жетіспеушілігінін нәтижесінде веналык іркіліс фонында дамиды. Гепатоциттер — майлық және нәруыздық дис¬трофия күйінде болады. Дерттің ерте сатысында бауыр көлемі үлкейген, консистенциясы тығыздалған, мүше беті майда түйінді, түйін көлемі 3 мм-ден аспайды және ол түйіндер түсі ашық сары түсті, сұрлы тығыз дәнекер тіндік жіңішке қабаттармен бөлінген. Бауыр ауруынын финалында оның көлемі кішіреюі мүмкін, түсі қоңыр-кызыл болады; түйіндерінің мөлшері 3-тен 10 мм дейін ауытқиды. Бауырдың портальдык циррозы бірнеше жылдар бойы дамиды. Оған ерекше сипат — портальдық гипертензияның белгілерінің ерте пайда болуы және кешірек бауыр жасушалық жетіспеушіліктің дамуы.
БИЛИАРЛЫҚ ЦИРРОЗ-Билиарлық цирроз пайда болуы өт жолы арқылы өттің шығуының бүзылуымен байланысты, өт жүруінін қиындау себептері бауырдан тысқары өт жолдарынын басылуы немесе бітеліп қалуы, өт өзектерінің инфекциялық жарақаты. Осы жайларды өттің іркілуі болады және өт жолдарының қабынуы дамиды, олар жарылып өтте «көлдер» пайда болады. Өт түтіктері айналасында дәнекер тін өседі, олар бауыр бөлікшелеріне араласып өседі. Гепатоциттер бір бөлігі өледі. Бауыр түсі өзгеріп, көкшіл тартады, аумағы үлкейеді, катаяды, беті тегіс немесе бұдырлы болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет