Дәріс аттестациялау


Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі



бет32/35
Дата27.11.2023
өлшемі387,6 Kb.
#128772
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.

Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

ұсынылған тест тапсырмаларының ішінен бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі.

Уәкілетті орган айқындаған ұйым педагогтердің деректер базасын қалыптастырады (өтініштерді қабылдау, ақпараттандыру үшін дербес деректерді енгізу: Жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), өтініш берілген біліктілік санаты, тапсыру тілі, жұмыс орны, пәні).

Уәкілетті орган айқындаған ұйым бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауды, өтініштерді қабылдау, тестілеуді өткізу кезеңінде, апелляциялық рәсімдер кезінде оның жұмысын; тестілеу аяқталғаннан кейін оның нәтижелерін өңдеуді және беруді; апелляцияны есепке ала отырып, апелляцияны өткізуді және нәтижелерді беруді; жазылған эссені беруді жүргізеді.

Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.

ПББ нәтижесі – осы Қағидалардың 20-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ПББ өткені туралы сертификат педагогтің жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда ПББ өткені туралы сертификат апелляцияны ескере отырып, педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.

Уәкілетті орган айқындаған ұйым ПББ-дан өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.

Уәкілетті орган айқындаған ұйым өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды және эсселердің болуын тексеру үшін қолжетімділік береді.

ПББ аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және келіспеген жағдайда тестілеу залынан шықпай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық комиссияға негіздемелермен апелляция береді. Педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет