Дәріс «Автоматталған жүйелердің аж жіктелуі»



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата25.01.2023
өлшемі436,58 Kb.
#62900
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4
 
өңделуімен жəне ұсынылуымен қамтамасыз ететін техникалық 
жəне бағдарламалық құралдар, сонымен қатар, олармен жұмыс 
істейтін пайдаланушылар жиыны.
Ақпараттық жүйенің жіктелуін бес белгі бойынша жүргізуге 
болады: аппараттық құралдарының мақсатты пайдаланылуы
құрылымы, жұмыс режимі, қызмет түрі т.б.
Мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпараттық жүйелер ақ- 
параттық-басқарушылық түрге, шешімдер қабылдау жүйелері, 
ақпараттық-іздеу, ақпараттық-анықтамалық жəне деректерді өң- 
деу жүйелері.
Ақпараттық-басқарушылық жүйелер (АБЖ) – ұйымды, кə- 
сіпорынды, саланы т.б. басқару кезінде қажетті ақпаратты жинау 
жəне өңдеу жүйелері. АБЖ маңызды ерекшелігі оларды АБЖ-да 
өңделетін ақпарат негізінде басқарылатын процестер имитация- 
сы (модельдеу) механизмдері құрамына енгізу болып табылады.
Шешімдер қабылдауды қолдау жүйелері (ШҚҚЖ) адамдар- 
дың түрлі қызмет салаларында шешім қабылдау үшін қажетті 
деректерді жинақтау мен талдауға арналған.
Ақпараттық-іздеу жүйесі (АІЖ) – негізгі мақсаты əдетте 
түрлі қашықтықтағы жерлерге таратыла орналастырылған түрлі 
деректер базасында, түрлі есептеу жүйелерінде қамтылатын 
ақпаратты іздеу. Мұндай, жүйелердің мысалдарына Internet 
жүйесіндегі іздеу жүйелері (серверлер), ғылыми-техникалық 
деректерді іздеудің автоматты жүйелері (ҒТДІАЖ) жəне бас- 
қалар жатады. Ақпараттық-іздеу жүйелері деректі (мақсаты – 
құжаттарды іздеу) жəне фактографиялық (фактілер іздеу үшін) 
болып бөлінеді.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер (ААЖ) – интерактивті 
режимде жұмыс істейтін жəне пайдаланушыларды анықтама- 
лық ақпаратпен қамтамасыз ететін автоматты жүйелер. Мұндай 
жүйелерге, мысалы, теміржол вокзалдарында жолаушыларға қыз- 
мет көрсетудің ақпараттық жүйелері жатады.
Деректерді өңдеу жүйелеріне (ДӨЖ) негізгі қызметі үлкен 
көлемдегі деректерді өңдеу жəне мұрағаттау болып табылатын 
ақпараттық жүйелер сыныбы жатады.
Аппараттық құралдарды құрылымына байланысты бір про- 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет