басқару нысаны мен басқарушы құрылғы басқару нысанының
күйіне автоматты бақылау жасаумен
қамтамасыз ететін тұйық
контурды құрайды.
Берілетін ықпал өзгерістері сипаты бойынша АБЖ-ны келесі
түрлерге жатқызуға болады:
- берілетін ықпал тұрақты болатын автоматты тұрақтандыру:
Бұл жүйелер белгілі бір физикалық параметрдің (температура,
қысым, айналу жылдамдығы т.б.) тұрақтылығын сақтауға ар-
налған;
- берілетін ықпал қандай да бір алдын ала белгілі болатын заң
бойынша өзгеретін бағдарламалық жасақтама (мысалы, белгілі
бір бағдарлама бойынша электр жетегінің айналым жылдамдығы
өзгерісі, термиялық өңдеу кезіндегі
температураның өзгерісі
жүзеге асырылуы мүмкін т.б.);
- қадағалаушы, мұндағы берілетін ықпал ерікті,
алдын
ала белгісіз заңмен өзгереді (сыртқы талаптар өзгерген жағ-
дайда басқару нысандарының параметрлерін басқару үшін қол-
данылады).
Соңғы жылдары нысанға қандай да бір мүлдем белгісіз
факторлардың əрекет етуімен сипатталатын адаптивті АБЖ-лар
үлкен маңызға ие болуда. Нəтижесінде басқарушы ықпалдар ту-
ралы шешімдер қабылдау үшін бастапқы
деректердің белгісіз-
дігі жағдайларында тапсырмаларды шешу қажеттігі нəтижесінде
туындайды. Бұл жүйелер сыртқы орта мен басқару нысанының
өзгерістеріне бейімделе алады əрі тəжірибе, яғни басқару нəти-
желері туралы ақпарат жинақталған сайын өз жұмысын жақсарта
алады.
Өз кезегінде адаптивті АБЖ-лар келесідей бөлінеді:
- оңтайлы, басқару нысанында ең тиімді режимді автоматты
сақтаумен қамтамасыз етеді;
- өздігінен бапталатын, мұндағы
басқару нысанының пара-
метрлері сыртқы талаптар өзгерген жағдайда сол күйінде қалмай,
түрленеді;
- өздігінен ұйымдастырылатын, мұндағы жұмыс алгоритмі
өзгеріссіз
қалмайды, басқару нысаны парамерлері мен сыртқы
жағдайлар өзгерген жағдайда жетілдіріледі;
- өздігінен үйренуші, жинақталған нысанды басқару тəжі-
рибесін талдайды жəне осының
негізінде өз құрылымы мен
басқару тəсілін автоматты түрде жетілдіреді.
Əрекет сипаты бойынша АБЖ үздіксіз жəне дискреттік əре-
кетке бөлінеді. Үздіксіз АБЖ-да кіріс сигналы бірқалыпты өзгер-
ген жағдайда шығыс сигналыда бірқалыпты өзгереді. Дискреттік
АБЖ-да кіріс сигналы бірқалыпты өзгерген жағдайда шығыс
сигналы секірістер жасап өзгереді. Сандық техникаға негізделген
басқару əдістері əрқашан дискреттік АБЖ-ға əкеледі.
Сигналдар өзгерісінің сипаты бойынша АБЖ-ны тізбектік
жəне тізбектік емес, стационарлық жəне стационарлық емес деп
бөлуге болады. Параметрлер саны бойынша АБЖ бір өлшемді не-
месе көп өлшемді (көп параметрлі) болып табылады.
АБЖ жіктеу басқа шарттар негізінде де
құруға болатынын
айта кеткен жөн, мысалы, АБЖ-ны жүйенің физикалық мəні не-
месе оның негізгі звенолары бойынша, орындаушы құрылғының
қуаттылығы бойынша т.б. жіктеуге болады. Көрсетілген АБЖ
жіктеу тəсілдерінің əрқайсысы көбінесе басқалардан тəуелсіз бо-
лады. Бұл олардың əрқайсысын көпөлшемді фазалық кеңістіктегі
шкала ретінде көрсетуге болатынын білдіреді,
бұл жағдайда
нақты АБЖ-ға нүктелер немесе белгілі бір аумақтар сəйкес ке-
летін болады.
Достарыңызбен бөлісу: