3 талатын нысандардың сəйкестік дəрежесі мен өндіріске жүйе-
лерді ендіру мүмкіндіктерін ескерген жөн. Олар төмендегідей
жіктеледі:
Бір данада өндірілетін бірегей жүйелер. Мысалы, салалық
АОЖ.
Аз сериялық жүйелер. Аудандық энергетикалық нысандар-
ды басқару АОЖ.
Көп сериялы жүйелер.
Автоматтандыру дəрежесі.
Автоматтандыру дəрежесі бойынша жүйенің 2 сыныбын
қарастыру қабылданған:
Ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау жəне беру бойын-
ша барлық процестер адамның қатысуынсыз автоматты түрде
жүзеге асырылатын автоматты жүйелер. Адамның атқаратын
рөлі – басқару процесі барысын қадағалау жəне техниканың тех-
никалық жағдайын бақылау.
Тапсырмалардың бір бөлігі ЭЕМ арқылы автоматты түрде
шешілсе, бір бөлігі адамның қатысуымен шешіледі. Адам интел-
лектуалды талдау жолымен анықталатын функцияларды шешеді.
Ақпараттық жүйелер Ақпараттық жүйелердің мақсаты – оператордың тиімді ше-
шім қабылдау үшін дұрыстық деңгейі жоғары ақпаратты алуы.
Ақпараттық жүйелеріне тəн ерекшелік ЭЕМ-ның ашық басқару
схемасында жұмыс істеуі болып табылады. Бұл ретте түрлі
деңгейдегі ақпараттық жүйелер мүмкін болады.
Ақпараттық жүйелер бір жағынан өндірістік процестің қа-
лыпты жүруі туралы, екінші жағынан қалыпты процестен кез
келген ауытқулар нəтижесінде туындаған жағдайлар туралы есеп
ұсынуы тиіс.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асыру құралдарына
əдетте техникалық (аппараттық) құралдар, бағдарламалық құрал-
дар мен аппараттық-бағдарламалық кешендер жатқызылады.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудың ерекше түрі бо-
лып автоматтандырылған ақпараттық жүйелер табылады.
Автоматтандырылған ақпарттық жүйе (ақпараттық жүйе) – ақпараттың енгізілуімен, жіберілуімен, сақталуымен,