5 цессорлы, көп процессорлы жəне көп машиналы жүйелер (ЭЕМ
желісі, шоғырландырылған жүйелер, қашықтан кіруге болатын
жүйелер) түріне бөледі. Көп машиналы жəне процессорлы жү-
йелер есептеу кешендерінің өнімділігі мен сенімділігін арттыру
үшін құрылады.
Шоғырландырылған жүйелер– бүкіл жабдықтау кешені,
соның ішінде, пайдаланушылар терминалдары бір орынға шо-
ғырландырылатын есептеу жүйелері. Сондықтан, жекелеген ма-
шиналар байланысы үшін ЭЕМ интерфейсі қолданылады жəне
деректер беру жүйелерін қолдану қажет болмайды.
Қашықтан кіруге болатын жүйелер (телеөңдеуге ие) пайда-
ланушылар терминалдары мен есептеуіш құралдар арасындағы
байланыс арналары бойынша деректер беру тəсілдері қамтамасыз
етеді (деректер беру жүйелерін қолдана отырып).
ЭЕМ желілері(есептеуіш желілер) – пайдаланушыларды
дистанциондық есептеуіш ресурстарына қатынас құруды жəне
осы ресурстарды біріге пайдалануды қамтамасыз ететін террито-
риялық жағынан шашыраңқы деректер өңдеу жүйелерінің, бай-
ланыс жəне деректер беру құралдары мен (немесе) жүйелерінің
өзара байланысқан жиынтығы.
Жұмыс істеу режимі бойынша есептеуіш жүйелер бір бағдар-
ламалық жəне көп бағдарламалық болып бөлінеді.
Бір бағдарламалық режимесептеуіш жүйелердің барлық
ресурстары бір тапсырманы басынан бастап аяқталуына дейін
шешу үшін қолданылатын кезде орын алады.
Көп бағдарламалық режим тапсырмалармен параллель жұ-
мыс істеуді немесе екі жəне одан да көп тапсырманы кезектесті-
руді көздейді.
Пайдаланушыларға қызмет көрсету сипаты бойынша келесі
режимдерге бөлінеді: жеке пайдалану, пакеттік жəне ұжымдық
пайдалану.
Жеке пайдалану режимі қолданылған кезде жүйенің барлық
ресурстары бір пайдаланушыға ұсынылады.
Пакеттік өңдеу – пайдаланушы өңдеу барысында оған
ықпал ете алмайтындай етіп алдын ала жинақталған деректерді
өңдеу жəне тапсырмаларды орындау. Пакеттік өңдеуді бір бағдар-
ламалық режимде де, көп бағдарламалы режимде де жүргізуге