Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1



бет11/14
Дата02.12.2022
өлшемі58,09 Kb.
#54480
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теор. негіздері ДОКТ-лекция

Әдеби бағыттар
Қазақ халқының ХХ ғасыр басында шама-шарқына қарай өлең жазып, кітап басып, ел арасында атағы шыққан шығармалары ағартушылық бағыт, көзқараста болған бір топ ақын, жазушылар болды. Олар: Әбубәкір Шоқанов (1858-1912), Мақыт Қалтаев (1865-1916), Нұржан Наушабаев (1859-1919), Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1857-1931), Шәді Жәңгіров (1865-1931), Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Мұсабек Байзақұлы (1849-1932), Нарманбет Орманбетұлы (1860-1918), Тұрмағанбет Ізтілеуов (1882-1939) т.б.
Бұл ақын-жазушылар көп уақытқа дейін кітаби, діншіл, ескішіл бағыттағы ақындар деп аталып келді. Прогресшіл идеясымен әдебиетке келген олар діни қараңғылыққа, надандыққа, ескі оқу-қадымға қарсы шықты: халықты әйтеуір оқытуды, оятуды арман етті, жаңа оқуды жақтады. Ел арасына осы жаңа бағыт идеясын жайды. Яғни, жаңа идеяны - оянушылықты, ағартушылықты жақтады, жаңалық үшін күресті. Бұл ақындар шығыс әдебиетінен нәр-азық, тәрбие-үлгі алды. Өз шығармаларын сол дәстүр бойынша қисса, дастан, мысал, назым етіп жазды. Жалпы ізгілікті, адамгершілікті насихаттады.
ХХ ғасыр басындағы кітап шығарып, газет-журналдарға өлең, жыр,әңгіме, мақала жазып көбірек көрінген, жалпы алғанда ағартушылық-демократиялық бағытта болған ақын, жазушылардың да әдебиеттен алар орны ерекше. Олар: М.Сералин (1872-1929), С.Торайғыров (1893-1920), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), С.Көбеев (1878-1956), С.Дөнентаев (11-894-1933), Бернияз Күлеев (1899-1923), Бекет Өтетілеуов (1881-1925), Әкірам Ғалимов (1891-1913) т.б.
Бұл ақын, жазушылар қазақша-жаңаша, орысша оқыды, дүниежүзілік ғылым, білім алды, қазақтың, Орта Азия халықтарының, татар, орыс әдебиеті мен мәдениетінен үлгі алды, осылардың жақсы дәстүрінде тәрбиеленді, әлеумет қайраткері ретінде танымал болып отырды. Бұлар қазақ арасындағы ескілік қалдығын-дінді, теңсіздікті, патша өкіметінің отарлық саясатын, феодалдық, капиталистік қанауды сынады. Халықты оянуға, саяси, мәдени, шаруашылық жағынан жетілуге, еңбекке, өнер-кәсіпке, оқуға, орыс халқының өнерін, ғылымын үйренуге, отырықшылыққа, қала болуға үгіттеді, халықтың бостандығын, теңсіздігін, бақытты өмірін, әйелдің бас бостандығын, теңдігін аңсады және сол жолда қызмет етті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет