Дәріс Әдебиетті дәуірлеу пәнінің мақсат-міндеттері. Әдебиеттің өзіндік көркемдік даму ерекшеліктері. Практикалық сабақ 1


Дәріс13. Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетіндәуірлеу принциптері



бет12/14
Дата02.12.2022
өлшемі58,09 Kb.
#54480
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің теор. негіздері ДОКТ-лекция

Дәріс13. Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетіндәуірлеу принциптері


Практикалық сабақ 13.
13.1Х.Сүйіншәлиевтің қазақ әдебиетін
дәуірлеу принциптері
13.2Х.Сүйіншәлиев «ХІХ ғасырдың бірінші жартысы (1800-1850), 5 том, «ХІХ ғасырдың екінші жартысы (1850-1900), 6-шы том «ХХ ғасырдың басы (1900-1916).

Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев (5 желтоқсан, 1918, Тайпақ, Ақжайық ауданы, Батыс Қазақстан облысы - 20 маусым 2006, Алматы) - ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1969), профессор (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген жоғарғы мектеп қызметкері (1984). Орал педагогика институтын бітірген (1943). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943-1953 жылы Орал педагогика институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі. 1953 жылдан ҚазМУ-де оқытушы, доцент, профессор. Ғылыми-зерттеушілік еңбектері қазақ әдебиеті тарихы мен теориясы, Абай шығармашылығы мәселелеріне арналған.


Ханғали Сүйіншәлиевтің әдеби зерттеу еңбектерінің саны төрт жүзден астам. Соның ішінде әдебиет тарихы туралы толғамдары әдебиеттану ғылымына үлкен жаңалықтар алып келді. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» (1967) атты еңбегінде , ол қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді түбегейлі өзгертті. Өзіндік жаңа ғалыми бағыт ұсынды. Қазақ әдебиетінің тарихы бұған дейін тек Бұқар жыраудың творчествосынан басталаты. ХVІІІ ғасырдың әдебиеті түгелдей осы кісінің творчествосымен танылатын. Ал, оған дейінгі VІІІ ғасырдан басталатын әдебиет тарихы жабулы жатты. Тіпті, ХІХ ғасырдың өз соншалықты қысқа, 5-6 жазушының шығармашылығымен шектелген. Х.Сүйіншәлиев зерттеулері нәтижесінде қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі, XVIII ғасыр әдебиеті өз алдына әдеби кезең болып қалыптасты.
Ғалымның бір кездері (1950-1980) талас тудырған концепциясы қазірде әдебиет тарихын дәуірлеудің айнымас темірқазығына айналды.
Ғалым әдеби ортаға қазақ әдебиетінің тарихы VІІІ-ІХ ғасырлардан басталып, үздіксіз дамып келе жатқандығын айқын дәлелдей алды. Сонымен қатар, ХV-XVII ғасырларда өмір сүрген жыраулар мен қатар ХІХ ғасыр перзенттері : Шөже, Базар, Кемпірбай, Орынбай, Жанақ, Сүйінбай, Шернияз, Майлы, Мәделі, Құлыншақ, Ақан, Біржан, Сара, Нұрым, Қашаған, Түбек, Бақтыбай, Құлан секілді жете зерттелмеген ақындар шығармаларын талдап, көркемдік сырларын ашқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет