Функционалды-семантикалық өрістерді қарастыруда оның негізін құрайтын типтік категориялық жағдаяттың орны ерекше. Категориялық жағдаят бұл ФСӨ теориясының заңды жалғасы болып табылады. Функционалды-семантикалық өріс пен категориялық жағдаят функционалды грамматиканың негізгі ұғымдары болып саналады. Бірақ, бастысы – ФСӨ. Ол өріс теориясына негізделсе, ал категориялық жағдаят ФСӨ-ден келіп туындайды.

ФСӨ-лер семантикалық функцияның потенциалдық аспектісімен байланысты болып келсе, ал функция тұрғысынан категориялық жағдаят нәтижелік функцияға сай келеді. ФСӨ-лер белгілі бір семантикалық категорияның тұрпаттық құрылымы болса, сөйлеуде бұлар мазмұндық құрылымға айналып, сөйленім мазмұнын береді.Сөйленімде қолданыс тапқан әр категориялық жағдаят жалпы жағдаяттың бір қырын көрсетеді. Яғни, сөйленімде категориялық жағдаят жалпы және жекелеген жағдаяттарға ажырап отырады. Сөйленімде негізгі ақпаратты беретін мазмұнды бөлікті жекелеген жағдаят дейді. Мұны доминант категориялық жағдаят деп атайды. Демек, сөйленім жекелген жағдаяттардың кешенінен тұрады. Мұны сигнификатты жағдаят деп атайды.