Мазмұн межесін беруде басты қызметті морфологиялық бірліктер атқармайды және тұтас категория емес, оның кейбір мүшелері ғана қолданылады. Мысалы, белгілілік/белгісіздікфункционалды-семантикалық категориясының өрісінің орталық бөлігінде жалпылау, белгісіздік,сілтеуесімдіктері орналасса, қосалқы бөлігінде табыс тәуелдік жалғаулар, септік жалғаулары, синтаксистік конструкциялар орналасады және тұтас бір категория емес, мысалы, тәуелдік категориясының кейбір мүшелері ғана белгілілік/белгісіздік категориясын бере алады.

Көпнегізді өрістің келесі түрі қатаң құрылымды өрістің ерекшелігі оның негізі мен қосалқы бөлігі анық көрініп тұрады.
Функционалды семантикалық өріс мазмұн межесіне қарай макроөрісжәнемикрөріскебөлінеді. Макроөріс дегеніміз - ФСӨ-ң өзі болса, микроөріс дегеніміз макроөрістің құрамында грамматикалық мағыналарына қарай бірнеше түрге бөлінуі. Мысалға темпоралдылық функционалды-семантикалық категориясы тұтас бір макрөрісті құрап, ол келер шақ, осы шақ, өткен шақ микрөрістеріне жіктеледі. Микроөрістерге байланысты байланыстыжалпылауыш және даралаушы мазмұн ұғымдары қолданылады. Жалпылауыш мазмұн микроөрістердің ұқсас белгілерін біріктіріп, бір макроөріс құрауына сеп болса, даралаушы мазмұн – микроөрістердің бір-бірінен ерекшеліәктерін, айырмашылықтарын даралап көрсетуші. Микроөрістер де орталық және қосалқы бөліктен тұрады.