Бірінші жағдайда тәуелділік мағына матаса байланысқан атрибутивті қатынастағы сөз тіркесі арқылы беріліп тұрса, екінші жағдайда тәуелділік мағына баретістігінің тіркесі арқылы, -ты қосымшасы мен бол етістігінің тіркесі арқылы беріліп тұр.
Көпнегізді өрістерге таксис, шақтық локалдылық, сан (количественность), сапа (качественность), поссесивтілік, субъектілік/объектілік, белгілілік/белгісіздік, локативтілік, себептілік, шарттылық, мақсаттылық, т.б. өрістер жатады.

Көпнегізді өрістер өз ішінде босаң құрылымды өріс, қатаң құрылымды өріс болып екі топқа жіктеледі. Босаң құрылымды өріс пен қатаң құрылымды өрістің айырмашылығы тілдік деңгейлер арасындағы байланысты анықтау барысында көреміз. Босаң құрылымды өрісте орталық пен шеткі өрісте орналасқан тілдік құрылымдар арасындағы байланысты анықтау қиындығымен ерекшеленеді.