а) өрісті ерекше типтегі жүйе ретінде қарастыру (компоненттерінің құрылымдық-деңгейлік белгілері);

ə) зерттелетін бірліктерді құрылымдық талдау (моноцентрлік, полицентрлік);
б) ФСӨ мазмұнының жоспарын талдау (ерекше белгілеріне қарай)
в) ФСӨ-тің өзара ортақ белгілерін (қиысуын) зерттеу;
г) семантикалық функцияны жүйелі зерттеуді ұйымдастыру[
Сонымен, А.В.Бондарко өз еңбектерінде ФСӨ-ке төмендегідей анықтама береді: Функционалды-семантикалық өріс – тілдегі грамматикалық көрсеткіштердің лексикалық, лексикаграмматикалық əрі сөз тудырушы, сөз түрлендіруші лексемалардың екіжақты қырынан (мазмұн-форма) үндесе əрі үйлесе бірігіп келіп белгілі бір семантикалық ортада көрініс табуы. Семантикалық категория функционалдық-семантикалық өріспен тығыз байланысты. Функционалды-семантикалық өрістің өзі семантикалық категорияларға жатады. «ФСӨ ішкі мазмұннан жəне соны беретін тілдік құралдардың бірлігінен тұрады. ФСӨ-нің ішкі мазмұнын семантикалық категориялар (темпоралдылық, аспектуалдылық, персоналдылық т.б.) құраса, сыртқы тұрпатын лексикалық, грамматикалық құралдар құрайды. ФСӨ-тің ішкі мазмұнын оның мазмұн межесі, ал тілдік құралдар бірлігін оның тұрпат межесі деуге болады». Функционалды-семантикалық өріс тілдегі грамматикалық тұлғалардың лексикалық, лексикаграмматикалық жəне лексика-семантикалық құралдармен өзара əрекеттестігі нəтижесінде ұйымдасатын семантикалық категория болып табылады. Семантикалық категория сөйлем мазмұнының көрінісіне, тілдік бірліктердің, сөз тіркесінің мағынасына байланысты айқындалады. Ғылыми ортада: уақыт (темпоралдылық), кеңістік (локативтілік), сан, сапа, посессивтілік, шарт, себеп жəне т.б. семантикалық категориялар бұрыннан анықталғанымен, тілді жүйелеудегі лингвистикалық талдау кезінде осы категорияларға үнемі айналып келіп отыру, бұл категориялардың мəнін арттыра түседі