«Қазақ грамматикасының өзекті мәселелерінде» грамматикалық категорияға мынадай анықтама береді: «тек грамматикалық мағыналар жиынтығынан емес, сол тектес, мәндес әрі бір-біріне қарама-қайшы грамматикалық мағыналарды білдіретін, парадигмалық сипаттағы грамматикалық тұлғалар жүйесі болып табылады». Грамматикалық категория мен семантикалық категориялардың айырмашылықтары бар. Біріншіден, бұл категориялар бірі тілдік жүйенің, ал екіншісі сөйлеу жүйесінің бірлігі болып табылады. Грамматикалық категориялар белгілі бір мағыналарды білдіреді. Олар тілде парадигматикалық қатынас бойынша сипатталады. Әрі грамматикалық категориялар тілде белгілі бір ортақ мағыналар бойынша топ құрайды. Ол ортақ мағыналар сөйлеуде иерархиялық ретпен орналасады. Яғни, бір грамматикалық категорияға жататын грамматикалық формалар (мысалы, шақ формалары, зат есімнің категориялары) бірінің үстіне бірі жалғанбайды.