Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі



бет3/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
1   2   3   4   5   6
Ұсыныс көлемі бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны.
Ұсыныс бағасы бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы.
Ұсыныс заңы деп тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды атаймыз. Баға жоғары болғанда сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді. Бұл тура байланыс мына формуламен беріледі:
Qs = f(P), мұндағы, Qs — ұсыныс көлемі (supply); Р — баға (price).
Өндірілген өнім санының бағаға тура байланыстылығын график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады.
Ұсыныс қисығы дегеніміз ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық. Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады.
Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар:

  • сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы;

  • өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары;

  • өндірісте қолданылатын технологияның сипаты;

  • болашақ бағаны және тапшылықты күту;

  • салықтар мен субсидиялардың көлемі;

  • сатушылардың саны; т.б.

Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады.
Ұсыныс функциясы дегеніміз ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік және ол мынадай формуламен беріледі:
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В), мұндағы, Pr — ресурстардың бағалары; К — технология; Т — салықтар мен субсидиялар; N — сатушылардың саны; В — басқа да факторлар.
Бұл функцияның графигі ұсыныс қисығы деп аталып, келесі түрде бейнеленеді:

4-сурет. Ұсыныс қисығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет