Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі


Ұсыныс көлемінің және ұсыныстың өзгеруі



бет4/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
1   2   3   4   5   6
Ұсыныс көлемінің және ұсыныстың өзгеруі: Тауардың бағасы өзгеруіне байланысты өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады. Ұсыныстың өзгеруі – ұсыныс қисығының тауарды бағасынан басқа факторлар әсер еткендегі толық өзгеру немесе жылжуы.
Егер осы факторлардың бірі өзгеретін болса, онда ұсыныс қисығы да өз жағдайын өзгертеді.

5-сурет. Ұсыныстың өсуі. 6-сурет. Ұсыныстың кемуі.
Нарықтағы тепе-теңдік. Әрбір экономикалық модельдегі тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.

7-сурет. Тепе-теңдік жағдайы.
Cуреттегі S және D қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-теңдік жағдайы деп аталып, Р0теңдестік бағасын, ал Q0 – сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныс пен ұсыныстың не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныс пен ұсыныстың икемділік коэффиңиентін пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалі коэффициент. Ол сұраныс пен ұсыныстың икемділік коэффциенті зерттетеліп отырған сұраныс функциясының факторы 1 процентке өзгерсе, онда сұраныстың қанша мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады. Олар мыналар:
1. - бағалық икемділік коэффиценті;
2. - табыстық икемділік коэффиценті;
3.-қиылысқан икемділік коэффиценті

  1. Сұраныстың бағалық икемділігі.

Сұраныстың бағалық икемділігі бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке өзгерсе, онда сол затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді. Сұраныстың бағалық икемділігінің шамасы теріс сан болады.
СБИ анықтаған кезде тауарға деген сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:

  1. Икемді сұраныстың коэффициентінің абсолюттік мәні 1-ден көп болады: (Ep)>1.

  2. Икемсіз сұраныс абсолюттік мәні 0 мен 1-дің арасында болады: 0<|Ep|<1

  3. Икемділігі 1-ге тең: |Ep|<1

  4. Өте икемді сұраныстың бағаның икемділік коэффициентінің абсолюттік мәні ∞-ге тең: Ep|D|=∞

  5. Өте икемсіз сұраныстың бағалық коэффициенті 0 -ге тең: Ep|D|=0

СБИ қарастырған уақытта оларды нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген кезде бағаның және сұраныс көлемінің проценттік өзгеруі бастапқы көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі, ал доғалық орташа көрсеткіштерінің қатынасымен есептеледі.
СБИ коэффициенті (Ер(D)) анықтағанда төмендегідей формулалар қолданамыз.
 - нүктелік икемділік.

 - доғалық немесе сызықты икемділік

Q1, Q2 - 1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі;


P1, P2 - 1, 2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет