Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі


Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар



бет2/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
1   2   3   4   5   6
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар.

Сұраныс әрқашанда сатып алушылар (тұтынушылар, үй шаруашылықтары) тарапынан болады.
Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуға деген төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары.
Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен сатып алғысы келетін игіліктердің максималды саны.
Сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.
Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным. Тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады.
Сұраныс қисығы дегеніміз – сұраныс заңының графикалық көрінісі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық.
Көрсетілген қисық теріс көлбеулі және кемімелі болып келеді, және ол мына формуламен беріледі:
QD = f (P), мұндағы, QD — сұраныс көлемі (demand); Р — баға (price).

1. сурет. Сұраныс қисығы.
Сұраныс көлемінің және сұраныстың өзгеруі: Сұраныс қисығының бойымен қозғалу сұраныс көлемінің өзгерісі деп аталады. Бағалық емес факторлардың бірі өзгеретін болса, онда сұраныс қисығы да өз жағдайын өзгертеді.

2-сурет. Сұраныстың өсуі. 3-сурет. Сұраныстың кемуі.





  1. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар.

Ұсыныс дегеніміз сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін сатуға деген немесе сата алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет