Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі


Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс икемділігінің факторлары



бет5/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
1   2   3   4   5   6
Қысқа және ұзақ мерзімдегі сұраныс икемділігінің факторлары.
Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:

  1. қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субститут) тауарлар көп болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемді болады, ал ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;

  2. тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі мен баға өзгеруін күтуі.

3) Баға өзгерісіне бейімделу үшін қажет уақыт. Берілген тауарға арналған жұмсалатын тұтыну бюджетінің үлесі.
Қарастырып отырған тауарды ауыстыратын тауарлар саны (мұндайда сұраныс икемді болады). Уақыт мерзімі. Мыс: бүгін кофенің бағасы көтерілсе – сұраныс икемсіз болады.
Қысқа мерзімдегі сұраныс икемсіз. Бірін-бір алмастыратын тауарлар неғұрлым көп болса, сөғұрлым Ер>1 жоғары. Мысалы: сабынға деген сұраныс икемсіз, жеңіл АВТО – икемсіз, Жигули – икемді, тұз – икемсіз, жүк автотранспорты – икемді, мұнай – икемсіз.
Сұраныстың табыстық икемділігі (СТИ): СТИ тұтынушы табысының көлемі 1%-ға өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді:

Егер табыс өскен уақытта затқа деген сұраныс та өсетін болса, онда ЕI>0. Бұндай тауарларды кәдімгідей тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні ЕI<0 болса, онда бұл тауарлар – сапасыз тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі (СҚИ): Бұл коэффициент Х тауарының бағасы өзгергендегі У тауарына сұраныс көлемі неше процентке өзгеретінін көрсетеді және осыған орай тауарлар бірін-бірі алмастырушы, толықтырушы және қатысы жоқ тауарлар деп бөлінеді.

ЕРх(Qу)>О, яғни оң сан болса, онда қарастырып отырған х және у тауарлары бірін-бірі ауыстыратьтн тауарлар болады, ал егер ЕРх(Qу)<0, яғни теріс сан болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі то-лықтыратын тауарлар болады. ЕРх(Qу)=0, онда х және у тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет