Дәріс жоспары: Нарықтық қызмет ету механизмі



бет6/6
Дата14.02.2023
өлшемі194,5 Kb.
#67907
1   2   3   4   5   6
Ұсыныс икемділігі.
Ұсыныстық бағалық икемділігі тауардың нарықтағы бағасы 1%-ға өзгергенде ұсынылатын тауар көлемінің неше процентке өзгеретінін көрсетеді:

Ұсыныс көлеміне әсер ететін ең басты фактор осы қарастырып отырған тауардың бағасы болып табылады. Ер(S) – баға 1 пайызға өзгеретін уақытта, ұсыныс көлемі неше пайызға өзгеретінін көрсететін шама.
Ұсыныс икемділігін қарастырғанда уақытты 3 кезеңге бөлеміз:

  1. дәл қазіргі кезең - уақыт мерзімінде ұсыныстың бағалық икемділігі өте икемсіз (S1),

  2. қысқа уақыт кезең – икемсіз (SІІ),

  3. ұзақ мерзімді кезең – икемді (Еs=1), (S1ІІ).

Ұсыныс икемділігіне әсер ететін факторлар:
Негізінен уақыт шамасы болып келеді. Бағаның кенеттен өзгеруіне қарай өндірушілердің өзгеріске бейімделуі үшін біршама уақыт қажет болады.
1. Қысқа нарықтық уақыт аралығы - өндірушілерге тиімсіз, өнім өндірісін өзгерту үшін уақыт жетпейді, сондықтан ұсыныс икемсіз;
2. Қысқа мерзімде өндіріс қуаты өзгермейді, алайда кейбір өндірушілер жұмыс істеу әдістерін өзгерту арқылы ұсыныстың икемділігін өзгертпейді;
Ұзақ мерзімді кезең - өндірушілер баға өзгерісіне қарай өз өнімдерін өндіруді дұрыс жолға қою үшін уақыт жеткілікті. Бұл кезеңде кей өндірушілер өнеркәсіп саласына кіріп орнықса, кейбір фирмалар өнеркәсіп саласынан шығып кетеді.



  1. Салық салудың заңнамалық және экономикалық ықпал өрісі

Мемлекет салықты әртүрлі себептермен белгілей алады: халықтың табысын қайта бөлуден сыртқы экономикалық эффекті (нәтиже, әсер, салдарын) алып тастауға (жоюға) дейін. Салықтардың ықпалын /әсерін/ микро-, және де макроэкономикалық деңгейде қарастыруға болады.
Макроэкономикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда салықты төмендету жиынтық сұранымның және жиынтық ұсыныстың өсуін ынталандырады.
Салықты қанша аз төлесең, үйшаруашылықтарының тұтынуға қажет табысы сонша көп. Сонымен, жиынтық тұтыну өседі, тиісінше, жиынтық сұраным да өседі. Сондықтан үкімет ынталандыру экономикалық саясатын жүргізген кезде, яғни үкіметтің мақсаты елді экономикалық циклдің түбінен алып шығу болған кезде салықтарды төмендетеді. Осыған сәйкес, тежеуші экономикалық саясат экономиканың тым қызып кетуін жою мақсатында салықтардың өсуін ойлайды.
Фирмалар салықтардың өсуін қосымша шығындар ретінде қабылдайды, олар өз товарының ұсынысын қысқартуға әкеліп соғады. Жалпы, фирмалардың ұсыныстарының кысқаруы жиынтық ұсыныстың қысқаруына әкеліп соғады. Осылайша, салық мөлшері жиынтық ұсыныс мөлшеріне кері пропорционалды.Салықтарды ендіру мен жиынтық ұсыныстың жай-күйінің бір біріне тәуелділігін «ұсыныс экономикасы» теориясының негізін қалаушы болған («supply-side economics») АҚШ Президенті Рональд Рейганның экономикалық кеңесшісі Артур Лаффер өз еңбектерінде егжей-тегжейлі сипаттаған. Қаржылық менеджмент көзқарас тұрғысынан қарағанда салық ауыртпалығы бизнес-системалардың қаржылықлеверидж мөлшеріне екі жолмен әсер етеді: тікелей және жанама:
1) Тікелей әсер, шаруашылық жүргізуші субъекті өзі салық төлеу базасын азайтуға есептелетін шығыстар деңгейінде қалыптасады. Егер осы сомаға шаруашылық жургізіші субъектінің қарыздары бойынша жоғары пайыздармен төлейтін шығыстарын қосатын болсақ – онда бұл агрессиялық финанстық даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың өсуін ынталандырады. Және осыған сәйкес, консервативтік финансты даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындарды рыноктан ығыстырады. Салық заңдылықтары жағынан осы пайыздарды төмендету агрессиялық финанстық даму стратегиялы шаруашылық жургізіші субъектілерінің банкрот болуын арттыруға алып келеді және, консервативтік финансты даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың, әсіресе қысқа мерзімді перспективада, орташа өркендеуіне әкеледі.
2) Жанама әсер қарыз капитал әкелушілерге салық жүктемесін арттыру немесе кеміту есебінен қалыптасады: салық ауыртпалығын көбейту бизнес-системалар үшін қарыздық капиталдың құнының қымбаттауына және де, соған сәйкес агрессиялы даму стратегиясын қолданатын кәсіпорындардың дамуын тежеуге алып келеді (осы жағдайда бенефициар болып косервативтік стратегиялық дамудағы компаниялар түседі); Салық ауыртпалығын төмендету, шартты түрде рынокта дұрыс конкуренция болғанда, қарыздық капитал құнының арзандауына әкеледі.Ол агрессиялы финанстық стратегиялы дамудағы компаниялардың өркендеп өсуіне әкеледі, соған сәйкес консервативтік финансты даму стратегиясындағы компаниялардың өшуін ынталандыратын болады.



©JQJ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет