lgfi = A*Zi2√I, мұндағы А – еріткіш табиғаты мен температураға тәуелді шама, оның 25 0С температурадағы сулы ерітінділер үшін мәні 0,512 (0,509).
Иондық күштің мәні:
● I ≤ 10 -1 болғандағы қолданатын теңдеу
● I ≤ 10 -2 болғандағы қолданатын теңдеу
● I < 0,0005 болғанда, f≈ 1 болады.
Ерітіндінің иондық күшінің мәніне сәйкес активтілік коэффициенттің мәні анықтамада беріледі
ДӘРІС №2
5.1. ТАҚЫРЫБЫ: Әрекеттесуші массалар заңын (ӘМЗ) гетерогендік тепе-теңдікке қолдану және оның аналитикалық химиядағы орны. Иондар көбейтіндісі және ерігіштік көбейтіндісі
5.2. МАҚСАТЫ: Нашар еритін заттардың ерігіштігін өрнектеу тәсілдерімен және негізгі түсініктерімен танысу, меңгерген білімдерін қоспаларды талдауда және есептер шығарғанда қолдануға үйрену
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1. ӘМЗ «тұнба - қаныққан ерітінді» жүйесі тепе-теңдігіне қолдану.
2. Ерігіштік. Нашар еритін заттардың ерігіштігін өрнектеу тәсілдері.
3. Тұнба түзілу шарттары. Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне әртүрлі
факторлардың әсері.
5.3. ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
1.ӘМЗ «тұнба - қаныққан ерітінді» жүйесі тепе-теңдігіне қолдану.
Аналитикалық химияда қандай да бір заттың тұнбасы мен сол заттың қаныққан ерітіндісі арасында динамикалық тепе-теңдік, яғни гетерогендік тепе-теңдікте болады.
Мысалы, AgCl ↔ Ag+ + Cl-
тұнба қаныққан еріт.
Нашар еритін AgCl тұнбасына су қосқанда кристалл бетіндегі молекулалар ерітіндіге ауысып, еру процесі және оған кері AgCl-дың ерітіндіден тұнбаға түсу процесі жүреді. Біраз уақыттан кейін қайтымды жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнайды. қаныққан ерітінді түзіледі. Тепе-теңдік орнаған кезде иондардың концентрациясы өзгермейді. Тепе-теңдік орнаған кездегі жүйе тепе-теңдік концентрациясымен сипатталады.
[AgCl] - күміс хлоридінің тепе-теңдік концентрациясы, ол тұрақты шама.
;
Ерігіштік көбейтіндісінің мәні анықтамада беріледі.
Қорытынды:Нашар еритін электролиттің қаныққан ерітіндісіндегі иондар концентрацияларының көбейтіндісі, белгілі температурада тұрақты шама, оны ерігіштік көбейтіндісі немесе концентрациялық ерігіштік көбейтіндісі деп атайды және немесе деп белгілейді.
немесе
Кейде ерігіштік көбейтіндісінің орнына оның көрсеткішін қолданады
.
Активтік арқылы өрнектелген ерігіштік көбейтіндісін термодинамикалық ерігіштік көбейтіндісі деп атайды . Мысалы,
Ks(PbI2)= [Pb2+]*[I-]2, 25 °С температурада Ks(PbI2) =8,7·10-9 тең.
Активтік концентрация арқылы өрнектелген термодинамикалық ерігіштік көбейтіндісі
Өте нашар еритін электролиттерде ерітіндінің иондық күші Бұл жағдайда KSа = KS.
Ерігіштік көбейтіндісі өрнегіндегі - иондар көбейтіндісі - ИК.
Иондар көбейтіндісі тұнбаның түзілу шартын сипаттайды.
1. Нашар еритін электролиттің ерітіндісіндегі иондар концентрациясының көбейтіндісі олардың ерігіштік көбейтіндісіне тең болғанда , ерітінді қаныққан, жүйеде динамикалық тепе-теңдік орнайды:
2. Нашар еритін электролиттің ерітіндісіндегі иондар көбейтіндісі оның еріштік көбейтіндісінен жоғары болғанда , ерітінді аса қаныққан, жүйеде тұнбасы түзіледі.
3. Нашар еритін электролиттің ерітіндісіндегі иондар көбейтіндісі оның еріштік көбейтіндісінен төмен болғанда , ерітінді қанықпаған, жүйеде тұнбасы түзілмейеді.
Жалпы түрде ерігіштік көбейтіндісінің өрнегі
,
Ерігіштігі 10-4 моль/л-ден үлкен электролиттің КS есептеуге активтілікті қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |