Дәріс жоспары



бет3/15
Дата31.12.2021
өлшемі170,23 Kb.
#22937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2. Ерігіштік. Нашар еритін заттардың ерігіштігін өрнектеу тәсілдері

Нашар еритін электролиттердің ерігіштік көбейтіндісі, оның ерігіштігімен сипатталады.



Ерігіштік қатты заттың ерітіндіге ауысып гомогенді жүйе түзу қабілеті. Ерігіштікті - S әріпімен белгілейді. Аналитикалық химияда заттардың ерігіштігін сандық түрда қаныққан ерітіндідегі ионның молярлық концентрациясымен (моль/л) сипаттайды, өлшем бірлігі – моль/л, г/л, %.

Молярлық концентрация моль/л; c= S,

cm - массалық концентрация, г/л. , г/л; , г/л.

Қосылыстарды ерігіштігіне қарай бөледі:

нашар еритін < 1*10-4-10-5 моль/л;

• орташа еритін < 1*10 -2 моль/л;

•жақсы еритін > 1*10-2 моль/л .

Ерігіштік көбейтіндісінің мәнін біле тұрып, ерігіштікті есептеуге болады.

Мысалы нашар еритін РbJ2 ерігіштігін есептеуді қарастырса:

Тұздың иондануы: PbJ2 ↔ Pb2+ + 2J



S S 2S

[Pb2+] = S моль/л, ал [J-] = 2S моль/л, өйткені бір молекуладан иондану нәтижесінде бір Pb2+ ионы және екі Jиондары түзіледі. Осы тепе-теңдік концентрацияларын пайдаланып, ерігіштік көбейтіндісін жазсса:

Ks(PbI2) = 8,7·10-9, Ks(PbI2) = [Pb2+][I-]2 = S·(2S)2 = 4S3

Ерігіштік тең болады:моль/л.



Жалпы түрде ерігіштіктің өрнегі:

моль/л

S

Ерігіштік көбейтіндісінен шығатын қорытындылар. Тұнбаның құрамына кіретін иондардың бірінің концентрациясы өзгерсе, екінші ионның да концентрациясы өзгереді, себебі, олардың көбейтіндісі тұрақты шама. Анықтайтын ионды толық тұнбаға түсіру үшін тұнбаның құрамына кіретін екінші ионның концентрациясын арттыру керек, яғни мөлшерін артық құю керек.

Тұнбаны еріту үшін оның құрамындағы ионның концентрациясын кеміту керек, ол үшін сол ионды нашар ионданатын, газ бөлетін немесе комплексті қосылысқа айналдырады.

3.Тұнбаның ерігіштігіне әртүрлі факторлар әсер етеді.

1. Аттас ионның әсері (тұнбаның түзілу шарттары).

Нашар еритін электролиттердің ерігіштігіне аттас иондар әсер етеді, олар тұнбаның ерігіштігін төмендетеді. Түзілген тұнбаны сумен емес, құрамында аттас ионы бар ерітіндімен жуады.



2. Тұздық эффект немесе тұнбаның ерігіштігіне аттас емес (бөгде) электролиттің әсері. Тепе-теңдіктегі «тұнба ↔ қаныққан ерітінді» жүйесіне бөгде электролит қосқан кезде тұнбаның ерігіштігі артады, оны тұздық эффект деп атайды. Тұздың ерігіштігінің артуы ерітіндінің иондық күшінің артуына және активтілік коэффицентінің төмендеуіне байланысты, яғни S↑ I↑ f↓.
ДӘРІС № 3

5.1.ТАҚЫРЫБЫ: Судың автопротолиз константасы, күшті қышқыл және күшті негіз, әлсіз қышқыл және әлсіз негіз, буферлік ерітінділерінің рН есептеу, олардың талдауда қолданылуы

5.2.МАҚСАТЫ: Автопротолиз константасымен, күшті қышқыл және күшті негіз, әлсіз қышқыл, әлсіз негіз және буферлік ерітінділерінің рН және рОН есептеумен студенттерді таныстыру, оларды жүйелік талдауда, теориялық есептерді шешуде қолдануға үйрету

ЖОСПАРЫ


1. Судың иондық көбейтіндісі немесе автопротолиз константасы

2.Күшті қышқыл және күшті негіз ерітінділерінің рН -ын және рОН есептеу

3. Әлсіз қышқыл және әлсіз негіз ерітінділерінің рН және рОН есептеу

4. Буферлік ерітінділердің рН-ның мәнін есептеу



5.3. ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1. Судың иондық көбейтіндісі немесе автопротолиз константасы

Су амфотерлі электролит, өздігінен судың бір малекуласынан екінші молекуласына протон ауысады немесе қысқаша түрде

Судың автопротолизі ӘМЗ бойынша тепе-теңдік константасымен сипатталады:



тепе-теңдік константасы тұрақты температурада тұрақты шама, ол тең К(H2O) = 1,86·10-16 .

Теңдіктен

Kw – судың иондық көбейтіндісі немесе судың автопротолиз константасы деп аталады. Мәні температураға байланысты тұрақты болады. Ол 25 °С температурада 1,86·10-16·55,6 10-14 = Kw



; , ,

Kw – мәні өте кіші болғандықтан, орнына теріс таңбамен алынған ондық логарифмді (көрсеткішін) қолданады. рKw = - lgKw = - lg10-14 = 14; pH + pOH = 14

Тәжірибеде рН-ның жуық мәнін универсал индикатор қағазымен, ал дәл мәнін арнайы құралдармен рН-метрмен анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет