Дәріс жоспары



бет14/15
Дата31.12.2021
өлшемі170,23 Kb.
#22937
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Бугер-Ламберт-Бер заңы. Сандық-молекулярлық-абсорбциялық талдаудің негізінде жарық жұтудың Бугер-Ламберт-Бер біріккен заңы жатады. Бұл заң ерітінді қабатынан өтетін монохроматты ағынның ерітінді қабатымен және қосылыстың концентрациясының байланысын сипаттайды: D = lgJo/Jt= -lgT = χСh, h-қабаттың қалыңдығы, см; С-қосылыстың концентрациясы, моль\л; D = χСh - жарық жұтылуының негізгі заңы және фотометрияның теориялық негізі. Бұл заң Бугер мен Ламберттің сәлеленудің жұтылуы мен қабаттың қалыңдығы арасындағы байланысты Бер анықтаған концентрацияға тәуелділігін байланыстырады. Жұтылудың негізгі теңдеуіне тұрақты шама χ кіреді. Егер қосылыстың концентрациясы моль\л анықталатын болса, онда χ = ε, ε - жұтылудың молярлық коэффициенті, бұл ерітіндінің концентрациясы 1 моль-л, кюветаның қалыңдығы 1 см тең болғандағы оптикалық тығыздыққа тең шама. Егерде жұтатын қабаттың құрамы белгісіз болса, онда концентрациясын % белгілейді. Бұл жағдайда χ = деп белгілейді, жұтылудың үлесті коэффиценті деп атайды. Оның физикалық мәні, қабаттың қалыңдығы 1 см тең болғандағы 100 мл ерітіндіде 1 г еріген зат бар ерітіндінің оптикалық тығыздығы.

Жұтылудың молярлық коэффициенті қосылыстың маңызды сипаттамасы. Бұл шама:

1) Зерттелетін қосылыстың табиғатына тәуелді және фотометриялық анықтаудың сезгіштігін сипаттайды. Мысалы: Cu2+ ионы NH3-пен көк түсті ерітінді түзеді [Cu(NH3)4]2+ және ε=100; Cu2+ дитизонмен ε=10000.

2) Жұтылатын толқын ұзындығына тәуелді. Бұл байланысты көбінде қисық түрінде көрсетеді және жұтылудың спектрі деп атайды.

Шың биіктігі боялған заттың концентрациясына тәуелді. ε-шамасын эксперимент нәтижесінде алған мәліметтерден есептейді: ε =D/Ch.

Жұтылудың молярлы коэффицентінің нақты мәндерін алу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

1) Сәулелену дәлме-дәл монохроматты болу тиіс;

2) Бір толқын ұзындығында тек бір қосылыстың бөлшектері жұтылуы тиіс;

3) Жұтылатын қосылыстартың нақты концентрациясы белгілі болуы тиіс. Қойылатын шарттарды орындау өте қиын, сондықтан ε орташа шамасын пайдаланады.

D-ның максималды шамасы 0,43 тең болу қажет, бұл жағдайда жүйелік қате ең аз болады.

Салыстырушы ерітінділер. Түсетін және өтетін сәуленің абсолюттік шамасын анықтау өте қиын. Сондықтан, зерттелетін ерітіндінің жұтылуын салыстырушы ерітіндінің қатынасы арқылы өлшейді. Егер талдау барысында анықталатын қосылыс фотометриялық реакцияға қатысатын болса, онда эталон ерітіндісіне де сондай жағдай жасайды. Анықтауды келесі тәсілдермен орындайды:

1) Молярлық немесе үлесті жұтылу коэффиценті арқылы концентрацияны анықтау:



, моль/л немесе , г/100мл

2) Бір стандарт тәсілі. Бұл жағдайда тек бір эталон ерітіндісін даярлайды, бұл ерітіндінің концентрациясы зерттелетін ерітіндідегі заттардың концентрациясына жақын болуы тиіс. Екі ерітіндінің де оптикалық тығыздығын өлшейді, белгісіз концентрацияны есептейді. DX=εCXh, DCT=εCCTh, ε және h шамалары бірдей болса, онда DCTCX= DXCCT немесе ,

3) Үстеме тәсіл. Зерттелетін ерітіндінің екі аликвотты көлемін алады. Біреуіне концентрациясы белгілі осы қосылыстың белгілі көлемін алып қосады. Екінші аликвотқа дәл сондай көлем еріткіш қосады. Бір жағдайда түзіген ерітінділердің оптикалық тығыздықтарын өлшейді.

Dст = Dж - Dx , ,

4) Градусталған график тәсілі. Бірнеше стандартты ерітінділер даярлайды, оптикалық тығыздықтарын өлшейді. Алынған мәліметтерден график сызады. Содан соң зерттелетін қосылыстың оптикалық тығыздығын өлшеп графиктен белгісіз концентрацияны анықтайды.



Фотоэлектроколориметрия. Негізгі мақсаты Бугер-Ламберт-Бер заңына негізделіп зерттелетін қосылыстың концентрациясын анықтау.

Концентрацияны және жұтатын қабаттың қалыңдығын анықтау (таңдау).

Анықталатын қосылыстың концентрациясы және кюветаның өлшемі ерітіндінің жұтылуы 0,12-1,0 аралығына сәйкес болуы тиісті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет